9 өңірде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды
13 шілдеде Қазақстанның 9 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
13 шілдеде Алматы облысында кей жерлерде найзағай, таулы аудандарда бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с. Кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Талдықорған қаласында күндіз 13 шілдеде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с.
13-14 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 13 шілдеде таңертең және күндіз 15-20 м/с, 14 шілдеде кей уақыттарда 15-20 м/с-қа жетеді.
13 шілдеде Маңғыстау облысында кей жерлерде шанды дауыл күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
13 шілдеде Ақмола облысында жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде екпіні 23 м/с жетеді.
Көкшетау қ.: 13 шілдеде күндіз қатты жаңбыр жауады. Найзағай, бұршақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.
13 шілдеде таңертең және күндіз Түркістан облысында кей жерлерде найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Кей жерлерде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Шымкент қаласында 13 шілдеде таңертең және күндіз найзағай, дауыл, батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Күндіз Павлодар облысында кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерінде найзағай, бұршақ, дауыл, күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысында кей жерлерде найзағай, тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с. Оңтүстік-батыста өте жоғары өрт қауіпі сақталады.
13 шілдеде Қарағанды облысында кей жерлерде дауыл, бұршақ күтіледі.
Қарағанды қ.: 13 шілдеде найзағай күтіледі.
Жезқазған қ.: күндіз 13 шілдеде солтүсік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 16 м/с жетеді.