Абайды еріксіз оқытатын электронды қалам

Абайды еріксіз оқытатын электронды қалам

«Су басынан тұнады». Ал біз көбінесе судың лайланған тұсын тұндыруға тырысып жатамыз. Біздің қазақ тілінің кеңге қанат жаюы үшін күресіп жүрген әрекетіміз де сол секілді. Сондықтан мен суды басынан тұндыру үшін мектепке келдім. Өйткені мектеп – «судың басы». Мектеп оқушылары, жастар жаппай қазақша сөйлеп кетсе, бәрі біртіндеп өзінен-өзі сол көшке ілеседі», – дейді белгілі абайтанушы Мекемтас Мырзахметов.
Ғалым кеше Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада өзінің «Абайтану әліппесі» интеллектуалды оқу-әдістемелік кешенінің электронды нұсқасы мен «Жақсы бала», Жақсы ұстаз», «Жақсы ата-ана», «Жақсы құрбы-құрдас» деп аталатын сөйлейтін интерактивті қалам-оқулығының нұсқаларын таныстырды.
«Абайдың ашылмаған тұстары көп. Неге көп? Себебі Кеңес дәуірінде Абайдың шығысын айтқызбай тастаған. «Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла» дейді. Сонда Абайдың жұмбағы қайда жатыр? Жазушылар өзінше тауып жатты. Ал Абайдың жұмбағы шын мәнінде шығыста, шығыстың ішінде өзі жасаған «Толық адам ілімінде» жатыр. Мынаны ойлау керек. Орыстың классик ақындары бар, бірақ оларды біз хакім дей алмаймыз. Біздің Абай – ақын, бірақ оны хакім дейміз. Хакім деп Аристотельмен, Әбу Насыр әл-Фарабимен тең тұратын деңгейдегі адамдарды айтады. Неліктен кеңестік жүйе Мұхтар Әуезовтің абайтану концепциясын бұзды? Себе­бі бізді рухани тамырымыздан ажырату керек болды». Осылай деп ой толғаған Мекемтас Мырзахметов біздің қолымызда қазақ баласын рухани кемелдікке жетелейтін үлкен құрал тұрғанын айтады. «Ол – Абайдың толық адам туралы ілімі. Кімде-кім Абайдың осы толық адам ілімін меңгерсе, ол өзінің жан дүниесін, жүрегін тазалайды. Жүрек таза болғанда, Алланы тануға, басқа нәрселерді тануға жол ашылады. ХХІ ғасыр көгіндегі абайтануды біз осы тұрғыдан қарауымыз керек. Ендігі зерттеу осылай қарай бұрылады», – дейді ғалым.
Жасы сексенге келсе де, қаламын қолынан тастамай, бар жиған білім-білігін ел болашағына арнап келе жатқан ғалым «Исі қазақ Абайды білуі тиіс» деген ұлт ұстазының ғибратын іс жүзінде орындаудың жолын іздеп, сол мақсатта «сөйлейтін қалам» ойлап тапқанын «Алаш айнасы» жазған еді. Соңғы заманауи технология­ға сүйеніп жасалған бұл қалам, шынымен де, балалар­дың күнделікті оқу бағдарламасына ыңғайлы, таптыр­май­тын құрал болып шығыпты.
Мекемтас МЫРЗАХМЕТҰЛЫ, филология ғылымының докторы, профессор, абайтанушы:
– Абайды балаларға қалай жет­кі­земіз? Ахмет Байтұрсынов: «Исі қазақ Абай­ды білуі тиіс», – деген. Ендеше, Абай­ды балаға қалай жеткіземіз деген ойдан, соның амал-тәсілдерін іздес­ті­ру­ден туған дүние бұл. Ал баланы бо­йын­дағы тән қажетінің ырқына жі­бер­мей, жан қажетіне қарай бұру үшін оны қызықтыру керек. Мына жасалып отыр­­ған «Сөйлейтін қалам» – сол амал­­­ды іске асырудың көрінісі. Абайды бала­ларға білгізу үшін технологияның соңғы мүмкіндіктерімен істелген элек­трондық оқулық. 5-9 сынып аралығын­дағы мек­теп оқушыларының бағдар­ла­ма­сы­на ыңғайланған. Кітапты аш­қан­да Абай­дың өлеңі немесе қара сөзі кездессе, мына қаламның ұшын сол өлең­ге, қара­сөзге тигізе қойса, әлгі шы­ғарма дауыс­тап оқылады. Ішінде тап­сырмалары да бар. Қысқасы, бала үшін қызықты дү­ние. Мұны компьютер­мен қосып пай­да­лануға да болады. Идея­сы – бізден, жасалуы – Жапо­ния­дан. Өйткені басқа еш жер істей ал­май­ды.

P.S.
Мекемтас Мырзахметов осы күні сондай-ақ «Абайтану» атты ғылыми-зерттеулерінің 10 томдық жинағының да тұсауын кесті. Бұдан бөлек, ғалым қазір «Абай лұғаты» деген зерттеу кітабын жазып жатыр екен. Өзінің айтуынша, бұл кітап Абай шығармаларын түсінуге қиындық тудыратын кедергілердің бірін еңсеруге арналған. Өйткені Абайдың шығармаларында өз замандастары жақсы түсінетін, бірақ бүгінгі біздер мағынасын біле бермейтін шамамен, 180-дей сөз бар. Сол сөздерді түсіндіретін кітап болады. Алла жазса, биылғы жылдың аяғына дейін оқырманға ұсынбақ. Сонда Абай бүгінгі жас пен кәріге бірдей түсінікті бола түседі.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста