«Абылайдың асында шаппағанда...»

«Абылайдың асында шаппағанда...»

Қазақта «Абылайдың асында шаппағанда...» деп келетін әдемі тіркес бар. Осы тіркестің де орнымен қолданылатын тұсы жақындап қалғанға ұқсайды. Олай дейтініміз – кеше Мәжілістің жалпы отырысындағы депутаттық сауалдардың алғашқысы қазақтың ұлы ханы – Абылайдың 300 жылдық мерейтойын өткізу турасында өрбіді. Депутат Тоқтарбай Қадамбаев пен қызылжарлық Жарасбай Сүлейменов қазақ ханының мерейтойын Тәуелсіздіктің шеңберінде, республика деңгейінде атап өту мәселесін көтерді.

«Алаш баласына Абылай ханның кім екенін айтып жатудың өзі артық. Ұлы Абай оны «Қазақ халқының қаһарманы» десе, Мағжан «Алаштың арыстаны – ер Абылай» деп жырға қосқан. Абылай, шын мәнінде, көзі тірісінде-ақ аты аңызға айналған, қазақ елінің Тәуелсіздігі үшін 40 жыл бойы күрескен ұлы тұлға. Оның қайталанбас асыл бейнесі ел басына күн туған, жоңғар шапқыншылығы өршіген, қазақ халқының тағдыры қыл үстінде, қылыш жүзінде тұрған қиын-қыстау кезеңде жарқырай көрінді», – деп бастады сөзін Т.Қадамбаев. Депутаттың айтуынша, Қазақ хандығының мемлекеттігін нығайтуда, халықтың тірлігі мен бірлігін сақтап, ұлттық мақсатты жүзеге асыруға жұмылдырудағы Абылайдың қайраткерлігі шексіз. Расында, қазақтың бостандығы мен болашағына жол салған ірі тұлға, тар заманда билік тізгінін ұстап, ішкі һәм сыртқы саясатты дербес жүргізе білген Тәуелсіздіктің тұғырлы ханы. «Алдағы жылы ел мен жер қорғаны болған алып тұлғаның туғанына 300 жыл толғалы отыр. Бабамыздың үш ғасырлық мерейтойы Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы шеңберінде мемлекеттік деңгейде аталып өтілсе, нұр үстіне нұр болар еді. Еліміздің тұтастығы, ұлан-ғайыр жерімізді сақтап қалу үшін жаны мен арын аямаған Абылайдай асыл ердің сіңірген еңбегі мен ерлігі болашақ ұрпақ үшін мәңгілік мақтанышқа айналуы тиіс. Абылай ханға құрметті Тәуелсіздікке тағзым, ұлттық намысты ұлықтау, ата-баба аруағын сыйлау деп білеміз», – деді Т.Қадамбаев. Бұл ретте депутат ұлы ханның 300 жылдық мерейтойына байланысты қабылданған шешім туралы Үкімет басшысынан жауап күтетінін жеткізді.

Депутаттар Досқалиевтің денсаулығына алаңдайды
Жақында ғана үстінен қылмыстық іс қоз­ғалған денсаулық сақтау ми­нистрі Жақсылық Ақмырзаұлының қа­зіргі халіне алаңдаушылық білдірген са­уалға бас-аяғы 20-дан астам депутат қол қойыпты. Расында, кешегі әріп­те­сінің бүгінгі «ауыр халге» түсуіне не се­беп болғаны яки экс-министрге қандай нақ­ты айып тағылғаны әзірше ешкімге мә­лім емес. Дегенмен де­путаттар елі­міз­­дегі «өз ісінің білгірі» са­на­ла­тын аза­­матқа қатысты бұлайша шарт-шұрт әре­­кетті қатаң сынға алады. Бас про­ку­­рорға сауал жолдап, тергеу жүргізу ту­ралы сұраудың себебі де – осы. «Қыр­күйектің 26-сында ақпарат құ­рал­дарында денсаулық сақтау ми­нистрі Жақсылық Досқалиевке қатысты қызметтік өкілеттігін асыра пайда­лан­ға­ны туралы фактіге орай қылмыстық іс қозғалғаны жө­нінде хабар тарады. Сөйт­сек, қыркүйектің 25-і күні Ж. Дос­қа­лиевті Қаржы полициясының сұ­рақ­қа алуы кезінде инсульт алғаны белгілі бол­ған. Алайда ол тек келесі күні, қыр­күйектің 26-сында ғана сағат 15.40-та Ұлттық ғылыми медициналық орта­лық­қа комалық (коматозный) жағ­дай­да жет­кі­зіл­ген. Біздің ойымызша, дер ша­ғында ме­дициналық көмек көр­се­тіл­се, жағдай бұ­лай болмаушы еді», – деді сауалды жа­рия­лаған депутат Ма­рал Итеғұлов. Ол Жақ­сылық Ақ­мыр­за­ұлы­ның білікті хирург екен­дігін, қандай қыз­мет атқарса да, хи­рург­тік тә­жі­ри­бе­сінен қол үзбегендігін ай­тып, дәрігер ре­тінде мыңдаған аза­мат­тар­дың өмі­рін сақтап қалғанын еске салды. «Жақ­­сы­лық Ақмырзаұлына деген қарым-қа­­тынас та, көзқарас та басқаша болуы тиіс. Дәл сол кісі секілді жоғары білікті ма­ман­дар көп емес елімізде. Сонымен бірге ден­саулығы мықты, күш-қуаты зор аза­мат­ты аяқастынан сон­ша­лық­ты ауыр халге тү­сір­гені бізді алаң­да­тады. Оған неге дер ке­зін­де ме­ди­ци­на­лық көмек берілмеген. Осы жайт­ты тек­се­руі­ңіз­ді сұраймыз», – делінген Бас про­курордың атына жолданған са­уал­да.

Аралды құтқару қазаққа ғана керек пе?
Осы отырыста Аралды құтқару қо­ры­ның мәртебесі туралы келісім ма­құл­данды. Мә­жілістің сүзгісінен өткен ха­лықаралық келісімге Орталық Азия мем­лекеттерінің басшылары былтырғы сә­уір­де қол қойған екен. Орталық Азия­ның бес мемлекеті, атап айтқанда, Қа­зақстан, Қырғызстан, Өз­бекстан, Түр­ікменстан, Тәжікстан үкі­мет­тері ара­сындағы келісімде ең алдымен Ха­лық­аралық Аралды құтқару қорының мәр­тебесі айқындалады. Құжатқа сәйкес, Қа­зақ­стан, Түрікменстан, Өз­бек­стан елдері өз бюджеттерінің – 0,3 па­йызын, ал Қыр­ғыз бен Тәжік бюд­же­тінің 0,1 пайызын Арал­ды құтқаруды қар­жыландыруға жол­дауы тиіс екен. Алай­да көршілер та­ра­пынан қаржылық мін­деттемелердің толық орын­­да­ла­ты­ны­на қатысты күмән бар се­кілді. Бас­қа­сы былай тұрсын, бұған дейін кім не ат­қарды деген мәселе де өткір боп тұр. Мә­селен, қазіргі күнге дейін Аралды құт­қаруға әлем бойынша 1 млрд тең­геге жуық қаржы түскен көрінеді. Бірақ Ха­лық­ара­лық қордағы қаражаттың жұм­салуына қатысты мәселе жауапсыз кү­йінде қалды. Өйткені депутаттар ал­дында жоба туралы баян­даған Сыртқы іс­тер министрлігінің жа­уапты хатшысы Рә­піл Жошыбаев қаржы­ның жұмсалуы туралы сауалға жазбаша жа­уап бергенді жөн санайды. «Арал про­бле­­масы – ғасыр проблемасы. Дегенмен іс­­тен сөз көп, қаражаттар да суға сің­ген­­дей. Қазақстаннан басқа ешбір ел ше­­шім қа­былдауға, нақты шаралар ат­­қаруға құ­лық­ты емес секілді. Бұрын со­­лай еді, әлі де солай. Мәселен, бас­қа­­сын былай қойып, Қырғыз еліндегі өт­кенде орын алған жағ­дай­ды алыңыз. Қыр­ғызға көмектесеміз де­гендер көп се­кілді еді, бірақ нақты кө­мек­ке кел­генде, Қазақстаннан басқа ешкім міз бақ­пады. Өңшең былшыл», – деді мә­се­­­лені төтесінен қойған депутат Вла­ди­­мир Не­хорошев. Мәжіліс мақ­ұл­да­ған келісім ен­ді Сенаттың қарауына жі­­беріледі. Жал­пы, келісім толық қа­бы­л­­данса, ондағы та­лап­тардың то­лық­­қанды орындалуына құқықтық не­гіз жасалады. Сондай-ақ құжат Арал өңірінің әлеуметтік-эконо­микалық да­муы­на, экологиялық ахуалын жақ­сар­ту­ға тың серпін береді деп бол­жа­на­ды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста