Әділет саласының мамандары 65 жалған құжат жасапты

Әділет саласының мамандары  65 жалған құжат жасапты

Шымкент қалалық әділет басқармасында жалған құжат жасау дерегі анықталды. Оңтүстік Қазақстан облыстық әділет департаменті жүргізген қызметтік тексеру нәтижесінде басқарманың жылжымайтын мүлік құқығын тіркеу бөлімінде 65 нысанның заңсыз тіркелгендігі белгілі болды.
Бұл туралы облыстық әділет депар­та­ментінің бастығы Ерлан Дауылбаев мә­лімдеді. «Жалған құжат жалған мөр­ді пайдалану арқылы жасалған. Заң­сыз тіркелген нысандар саны 65-пен шек­телмей, әлі де жалғасуы мүмкін. Сол себепті тұр­ғын­дар жылжымайтын мүлік сатып алуда абай болғандары жөн. Негі­зінен, бұл жалған құжаттар жыл­жы­майтын мүлікті жария ету, яғни лега­лизациямен бай­ланыстыры­лып­ты. Анық­талған 65 ны­сан­ның бірқа­тары­ның құжаты тура бол­маса, енді бірқатары құжатта бар бол­ғанымен, өмірде жоқ мүліктер. Бұл ке­леңсіздік департамент тарапынан анық­талып, тиісті құжаттар процессуалды ше­шім шығару үшін тергеу органдарына өт­кізілуде. Бұл келеңсіздікке қатысы бар екі қызметкер міндетінен уа­қытша шет­тетілді», – дейді Ерлан Слам­хан­ұлы. Қуа­нышқа қарай, бұл заңсыздыққа тап болған тұрғындар құжат рәсімдеу үшін артық шығын шығармады. Әділет департаменті тарапынан дер кезінде қимыл­дау­дың ар­қасында жалған құжат жасалған ны­сан­дарға қатысты барлық операция тоқ­татылды. Сол себепті де бұл нысанды ие­лену­шілер тарапынан ешқандай да қар­жы төлемдері болған жоқ.
Баспасөз мәслихаты барысында ад­вокат­тық, нотариалдық қызметтерді эл­ек­тронды түрде пайдалану мүмкіндігінің ер­екшеліктері мен тиімділігі де сөз болды. Облыстық әділет департаменті құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік кө­мек көрсету бөлімінің бастығы Айнұр Жаң­быр­баеваның түсіндір­геніндей, бұл қыз­мет­терді электронды түрде пай­да­ланған жағ­дайда, біріншіден, тиісті құ­жаттар жо­ғал­майды әрі жыртылмайды, екін­ші­ден, мемлекеттік баж салығы тө­лен­бейді. Қосымша мәліметтерді де толығы­мен алып отыруға мүмкіндік мол. «Жалған кәсіпкер­лікті жою мақсатында заңға бірқатар өзгерістер енгізілді. Бұрын шағын кәсіпкерлікті үш күнде тіркеуге болса, қазір ол бір күнде орын­далады. Сол секілді орта және ірі кәсіп­керлікті тіркеу уақыты 10 күннен жеті күнге де­йін қысқартылды. Кәсіпкерлер бизнес сәй­кестендіру нөмірін алу міндетті екенін жә­не бұл қызмет үшін ешқандай алым ал­ын­байтынын білулері тиіс. Өйткені сәй­кестендіру нөмірін осы жылдың жел­тоқ­санына дейін алып үлгермеген кәсіп­керлер банк қызметін пайдалану мүм­кін­дігінен айырылады», – дейді Әділет де­пар­тамен­тінің заңды тұлғаларды тіркеу бө­лімінің бастығы Аман Абдуллаев.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста