Аяз ата мен Санта Клаустың түркілік төлқұжатын қайтару керек

Аяз ата мен Санта Клаустың түркілік төлқұжатын қайтару керек

 

Тағы да – Жаңа жыл, тағы да – жаңа мейрам. Жақпағанды ескімен аластап жатамыз. Жаңамен жақсылық келеді. Мұхтар Әуезовтің «жыл келгендей жаңалық» деуі де осындайдан туындаса керек. Бүгінде халық санасындағы Жаңа жыл – жаңғырудың басы, үміттің ұшы болып табылады. Ендеше, мереке құтты, жыл үмітті болсын! Ел еңсесі биік, мерейі үстем болсын! Алаштың абыройы асып, мәртебесі таси берсін!

Қазақ елі үшін 2010 жыл ерекше жыл болмақ. Басқасын былай қойғанда, ел Тәуелсіздігін 19 жыл толады. Ал «Қазақстан-2030» стратегиясының мәреге жетуіне 19 жыл қалады. Осы аралықта «Жаңа жыл мерекесін қазақыландырып, түркілендіріп, Тәуелсіздікке бейімдеп неге жаңаша атап өтпеске» деген ой туындайды. Сол үшін де бұл мерекені тойлаудағы кейбір дәстүрдің біздің ата-бабаларымыздан басталғанына ден қойып көрелік. Өйткені Жаңа жылды тойлауда жер жүзі халқының жақсылыққа деген жалаулы ниеті біріккенін пайымдаймыз. Тиісінше, бұл Жаңа жыл тойын әрлендіріп, түрлендіріп, синтезделген мерекеге айналдырып отыр. Ал оған түркілер де өлшеусіз үлес қосқан...

Жұлым-жұлым Жаңа жыл
Шын мәнінде, біз көріп жүрген Жаңа жыл мерекесі – Сталиннен қалған «мұра». Мерекені осылай атап өту 1935-37 жылдары қалыптасты. Шырша, Аяз ата, Ақшақар... Осы дәстүрдің елдің санасына сіңіп кеткені соншалықты, мұнсыз Жаңа жыл мерекесінің сәні қашатындай көреміз. Ал біз «бой түзей» беретін Ресейде 1927 жылға дейін Жаңа жылды тек шырша тігіп, Аяз атаны қарсы алу арқылы ғана атап өткен болатын. Алайда осы жылы шыршаға да, Жаңа жылды тойлауға да тыйым салынады. Өйткені атеист әпербақандар Иса пайғамбардың дүниеге келген күнімен қарайлас аталып өтілетін бұл діни мерекені ел ішінен аластауды жөн көреді. Бұған дейін 1923 жылы Орталық Азия елдерінде Наурызды тойлауға тыйым салған коммунистер енді мәсихи (христиан) дініндегілердің құндылықтарына ауыз салды. Алайда қызылдар 1935 жылдан бастап Жаңа жылға зайырлы сипат беріп, бүгінгі біз көріп жүргендей деңгейде атап өтуді қолға алған.

Мәсихилер мерекесі
Қолданыстағы григориан күнтізбесі бойынша Иса пайғамбардың дүниеге келгеніне 2010 жыл болады. Үй ішінен үй тіккен мәсихи дініндегілердің бір тобы бұл мерекені желтоқсанның 25-інде, енді бірі қаңтардың 7-сінде, тағы да бір тобы қаңтардың 6-сында тойлап жатады.

Бұл мерекені мұсылмандар «Иса мәсіхтің мәулеті» деп атайды. Кітаби діннің барлығын мойындайтын мұсылман қауымы Иса пайғамбар тұрмақ, Мұхаммед пайғамбардың мәулетін де ас та төк той қылып атап өтуді құптай қоймайды. Мұсылмандар пайғамбар мәулетінде жамағат болып жиналып, мәулет оқып, дұға қайырады. Алайда көп бұрмаланған мәсихи дініндегілер өз пайғамбарының мәулетін дүниежүзінің жаңа жылы ретінде атап өтіп, жыл сайын «бұ хаятта» болмаған той жасап жатады. Оған біз сияқты 70 жыл діннен ажырап қалғандар да қосылып, арқа-жарқа боламыз да қаламыз. Қуаныштың көп болғаны, әрине, жақсы-ақ. Алайда осы Жаңа жылды атап өтудегі атрибуттардың дені түркі мәдениетінің элементтері болып табылады. Жат жұртқа жегіліп, «жекешеленіп» кеткені болмаса...

Аяз атадан – Аяз биге дейін
Абай атамыздың «Қыс» өлеңінде жылдың осы мезгілінің шаруашылыққа қатысты жағымсыз жағы сипатталғанымен, «ұшпадай оқшырайтып бөрік» киген, «ақ киімді, денелі, ақ сақалдың» «аязбенен қызарып ажарланғаны» айтылады. Былай қарасақ, кәдімгі Аяз атаның өзі: басында бөрігі, денелі, аяз сорған сайын қызара түскен бейне... Ал Аяз аталардың ішінде аласа бойлысын көрмейсіз. Оның бөрігі мен шапанына қарасақ, кәдуілгі түркілердің ұлттық киімі. Өзенді Еуропада болсын, орманды Ресейде болсын, бөрік ұлттық киім емес. Ал Санта Клаустың қолында аса таяқ та болмайды.

Көрші өзбектер «Қар баба» десе, біз оны «Аяз ата» дейміз. «Аяз» сөзі көне түркілерде ақылды, білгір, бүкпесіз, беті жарқын, еңсесі биік дегенді береді. Махмұд Қашқари өзінің сөздігінде бұл сөзді «әдемі, көркем» деп аударған. Өзара мәндес, мағыналас сөздер. Татарларда осы күнге дейін бұлтсыз ашық күнді «аяз күн» деп атайды. Қазақтың Аяз биі өзі жаман бола тұра, бәрінен білгір, сұңғыла болып шығады. Ал халық жадындағы Қыдыр ата – бәрінің қамқоршысы, сәттіліктің жолбасшысы. Көзі тірі пайғамбардың бірі болып табылатын Қыдыр атаның бір белгісі оң қолының бармағының терісі қызыл әрі сүйексіз келеді екен. Аяз атаның қызыл киінуінде де осы гәп жатқан секілді. Тек оның шанаға мініп алып, Еуропаға қарай өтіп кеткені болмаса... Сонымен қатар Наурызды тойлағанда кейбір шығыс халықтары дастарқан төріндегі шағын ыдысқа су құйып, қызыл балық салып қояды. Бұл – «жаралыс басы – қозғалыстың» нышаны.

Ал пұтқа табынған славяндар түсінігінде Аяз ата тек құрбандыққа шалу үшін  балаларды ұрлап, дорбасына салып, жинап жүретін жағымсыз бейне болған...

Қарша қыз қайдан келді?
Қызбен жүрген Санта Клаусты көргеніңіз бар ма? Әй, қайдам, бірақ орыстанған Аяз атаны қашан көрсең, қайда барса да қасынан Қарша қызын қалдырмайды. Бұл да кейіннен шыққан үрдіс. Сталин репрессияның күшейген тұсында бір жағы ел назарын алдарқату да болса керек, 1935 жылы Жаңа жылды мереке ретінде атап өтуге рұқсат берсе, 1937 жылы Аяз атаның қасына немересі ретінде балалардың көңілін аулау үшін Қарша қызды қосуға кеңдік танытыпты. Оған дейін Жаңа жылды мереке ретінде Ресейге енгізген І Петрдің Аяз атасы жалғыз болған. Сөйтіп, Сталиннің Қарша қызы бүгінге дейін Аяз атасының қасынан қалған емес. Кеңес Одағында өскендердің ешқайсысы да Аяз атаны Қарша қызсыз елестете алмайтыны да сондықтан.

Ал Қарша қыздың «төркіні» аңыздағы ғажайыптарға ұйытқы болып жүретін Қар қызынан шығады.

Ағашқа ақтық байлаған
Аяз атаны өзіне «импорттап» алған славяндар – бертінге дейін шыршаға шырай танытпаған халық. Өйткені олар шыршаны өлімнің белгісі деп қана таныған. Бұл, шамасы, кейбір тайпалардың мәйітті жерлегенде қабіріне шырша жапырағын төсейтіндігімен байланысты болса керек. Славяндардың шыршаны аса ұната бермегені бүгінде жаргонға айналып кеткен бейпіл сөздерінен де байқалады. Шыршаны таяқ деп қана ұққандар кейін соны өз қолданысына енгізіп, қалай дәстүрге айналдырып алғандарын өздері де білмей қалды.

Оның жанында ағаш атаулыны киелі деп таныған түркілер үшін орманның шыршасы мен даланың аршасының жөні бөлек. Осы күнге дейін халқымыздың төрге арша іліп қоюы да талайды аңдатса керек. Оның сыртында қазақ жерінде Аршалы аталған мекендер қаншама. Бұған қоса, ағаш көрсе ақтық ілетін дәстүр де түркілерден жетіп отыр. Ақтықты жай байламайды, іштей тілек айтып, дұға қайырып отырып байлайтыны белгілі. Шыршаға әртүрлі әшекей байлап, әрлендірудің бір ұшы осымен астасып жатыр.

Он екі мүшел – бір алқа
Шыршаны әдетте жай айналмайды. Түрлі хайуандардың маскасын киіп, бейнесіне еніп алып, алқа құрып айналады. Ал маскалардың дені жыл қайырудағы  он екі мүшел иесіне (барыс, қоян т.б.) тән болып келеді. Он екі мүшел иесі сонымен қатар көк жүзіндегі шоқжұлдыздар  атын да иеленіп отыр. Осыны ескерсек, он екі мүшел иесі болып табылатын хайуандардың бейнесіне еніп, шыршаны айналудың төркіні жыл айналысын, уақыт жүрісін астарлаумен астасып жатыр.

Тек бір ескеретіні – он екі мүшелдік жыл қайыруда жыл иесі Наурызда енеді. Өйткені осы кезде күн мен түн теңеліп, Күн планетасы Тоқты шоқжұлдызымен тоғысады. Сондықтан барыс жылы қаңтарда емес, Наурызда басталатынын ұмытпаған абзал.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста