Айлығы 70 мың теңге: Қазақстандық жастарға мемлекеттік орындар мен ірі компанияларда тәжірибеден өту ұсынылды

Айлығы 70 мың теңге: Қазақстандық жастарға мемлекеттік орындар мен ірі компанияларда тәжірибеден өту ұсынылды

Жастар практикасы - жоғары оқу орындары мен колледж түлектеріне арналған еңбек қызметінің бір түрі. Оны әкімдік Жұмыспен қамту орталығы арқылы ұйымдастырады. Жастар практикасының мақсаты &ndash түлектердің өз мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесін жинақтауына және кейінірек жұмысқа орналасуына жағдай жасау.

 
Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Серік Шапкенов жастар практикасы туралы төмендегідей мәлімет келтіреді. 

- Жастар практикасы білім беру ұйымдарының түлектеріне меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтауға жәрдем көрсету мақсатында іске асырылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларының бірі. Жастар практикасы барлық меншік нысанындағы жұмыс берушілерде ұйымдастырылады және оның ұзақтығы 6 айдан астайтын мерзімді құрайды.

Жастар практикасына оқуды бітіргеніне 3 жыл болмаған және 
29 жасқа толмаған түлектер қатарындағы жұмыссыздар қатыса алады.

Жастар практикасына қатысу үшін жұмыссыздар халықты жұмыспен қамту орталығына барып өтініш жазады. Сондай-ақ төмендегі құжаттарды: 

1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
2) еңбек кітапшасының көшірмесін (бар болса);
3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар екенін растайтын құжаттың көшірмесін тапсырады.

- Жұмыс беруші компаниялар қалай іріктеледі? Олар да құжат толтыруы керек пе?

- Халықты жұмыспен қамту орталықтары қаржыландыру шегіне қарай жыл сайын 1 қарашаға дейінгі мерзімде жастар практикасы ұйымдастырғысы келетін жұмыс берушілерден алдағы қаржы жылына өтінімдер жинауды жүзеге асырады.

Бұл ретте, жастар практикасын ұйымдастыруға өтінімдер барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардан қабылданады және өтінімде мынадай мәліметтер келтіріледі:

- кәсібі (мамандығы),

- талап етілетін білім деңгейі,

- жұмыс орындарының жоспарланған саны,

- жастар практикасының жоспарлы ұзақтығы (ай).

Өтінімдерді қарау нәтижесінде жастар практикасын ұйымдастыруға салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды ұдайы төлейтін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам қызмет ететін жұмыс берушілер жіберіледі.

Халықты жұмыспен қамту орталықтары жастар практикасына қатысуға іріктеліп алынған жұмыс берушілермен шарттар жасасады. Ал жұмыс берушілер, жастар практикасына қатысушылар үшін олардың алған кәсібіне сәйкес келетін уақытша жұмыс орындарын құрады.

- Жастар практикасынан өтушілерге айлық табысын кім төледі және қандай қаражаттан төленеді?

Жастар практикасына қатысушылардың жалақсын халықты жұмыспен қамту орталықтары республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен субсидиялайды. Субсидияның мөлшері айына 25 айлық есептік көрсеткішті (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыларды және банк қызметтерін ескергенде) құрайды. Бұл 69 450 теңге. 

Алматы қаласын мысалға алатын болсақ, қалада жастар практикасы 405 жұмыс беруші ұйымдастырылуда. Оның ішінде:

- мемлекеттік ұйымдарда

*Бас прокуратура,

*Әуезов ауданының әкімдігі,

*Медеу ауданының полиция басқармасы,

*жер қатынасытары басқармасы және т.б.

- акционерлік қоғамдарда

*ForteBank АҚ,

*Қазақтелеком АҚ,

*ҚазақстанТРК АҚ және т.б.

- жеке меншік серіктестіктерде

*Алматы жылу жүйелері ЖШС,

*Казэкология ЖШС,

*Арена S ЖШС,

*Best Marketing Solution ЖШС

- дара кәсіпкелерде бар (Консалт-Сервис).

Түлектерге жастар практикасына қатысуға жолдама олардың халықты жұмыспен қамту орталығында тіркелген күніне сәйкес кезектілік тәртібінде беріледі. 

- Осы уақытқа дейін қанша адам жастар практикасынан өтті? Өтініштердің барлығы қанағаттандырыла ма? 

- Жастар практикасы бюджет қаражатының шегінде қаржыландырылады және жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша ұйымдастырылады. Түлектерге жастар практикасына қатысуға жолдама олардың халықты жұмыспен қамту орталығында тіркелген күніне сәйкес кезектілік тәртібінде беріледі.

2017-2019 жылдары жастар практикасына 88,1 мың адам жіберілді, оның ішінде:
- 2017 жылы 25,8 мың адам;
- 2018 жылы 27,6 мың адам;
- 2019 жылы 34,7 мың адам.

2020 жылы жастар практикасына 26,3 мыңнан астам адамды жіберу жоспарланып отыр. 2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жастар практикасына 30,9 мың жас маман жіберілді.
-  Жастар практикасынан кейін тұрақты жұмысқа тұрып кеткендердің саны қанша?

- 2017-2019 жылдары жастар практикасына қатысқаннан кейін 38,4 мың адам тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасты, оның ішінде:
- 2017 жылы 12,1 мың адам;
- 2018 жылы 11,1 мың адам;
- 2019 жылы 15,2 мың адам.

2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жастар практикасын 11,3 мыңға тарта адам аяқтады, оның ішінде 4,4 мың адам тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасты.

Stan.kz тілшісі жастар практикасымен жұмыс істеп жүрген Мағыстау тұрғыны, жас маман Тасқынбай Маусымжан тілдесті. Практидан өтіп жүрген ол бұл жастар үшін өте тиімді мүмкіндік екенін айтты. 

"Жастар практикасы &mdash бұл жоғары оқу орны, коледж бітірген түлектер үшін мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған таптырмас мүмкіндік. 6 ай көлемінде жұмыс жасап, өзіңнің қабілеттеріңді ашып көрсете білсең тұрақты қызметкер болып қаласың. Қазіргі таңда мен тәжірбие жинау үшін "Жастар практикасымен"  Мұнайлы аудандық білім үйлестіру орталығында әдіскер көмекшісі ретінде жұмыс жасап жүрмін. Болашақта осы жерде қалу жоспарымда бар" - дейді ол.

Маусымжан жарты жыл көлемінде тәжірибе алу алдағы уақытта көп пайдасы барын айтады. Сондай-ақ өзі қатарлы жастардың осы практикадан өтуге ынтасы зоры екенін жасырмайды.  

"Айлығы 57065, шүкір күн көріске жетеді.  Зейнетақы қоры жүріп тұр. Жұмыс орным үйдің жанында болғандықтан артық шығын шықпайды. Жалақындан бұрын, мен үшін тәжірибе жинау маңызды. Қазір жастардың бәрі осы бойынша жұмыс жасап жатыр. Өзімнің сіңілім де осы бағдарлама бойынша аудандық емханада медбике болып жұмыс жасды. Біздің ауданда бұл бағдарлама танымал. Оқу бітірген жастардың бәрі бірден осы жерге өтініш береді. Қазір кез келген жерге жұмысқа тұру үшін тәжірибе сұрайды ғой. Сондықтан болар бәрі осында келетіні", - дейді Тасқынбай Маусымжан.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста