Айыппұл төлей алмаған жемқор шенеуніктер бас бостандығынан айрылды

Айыппұл төлей алмаған жемқор шенеуніктер бас бостандығынан айрылды

Парамен ұсталып артынан айыппұлды төлей алмаған 9 экс-шенеунік бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Астана арнасы. 

Елордалық Әділет департаменті деректеріне қарағанда, ұсталған шенділер арасында "шабақтар" ғана емес "шортандар" да бар. Соның бірі, Қоғамдық даму министрлігінің комитет төрағасы Қайсар Жанаханов болса, екіншісі Әуе қорғанысы күштерінің бұрынғы қолбасшысы Серік Исмайылов.

 Қомақты қаражатты қалтаға басқан 9 жемқорға сот шешімімен 380 миллион теңге айыппұл салыныпты. Алайда оны төлей алмаған. Енді олар 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылатын болды. 

"Келісілген уақытта ҚР қылмыстық атқарушылық кодекстің 51 бабында көрсетілген тәртібі бар. Тәртіп орындалмаған жағдайда басқа да жазалар қарастырылған. Үлкен сома болғандықтан оларға бас бостандығынан айыру жазасы қолданылды", - деді Нұр-Сұлтан қаласы Әділет департаментінің Алматы ауданы бойынша аға сот орындаушысы Әйгерім Әбдиева. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста