«Әкім болып сайлану - әдемі галстук тағып жүру емес». Ақкөл ауылының жаңа әкімімен сұхбат

«Әкім болып сайлану - әдемі галстук тағып жүру емес». Ақкөл ауылының жаңа әкімімен сұхбат

Әлімбай Әбдірахман – 25 шілдеде Қазақстанда алғаш рет өткізілген, ауыл әкімін тікелей сайлау науқанында үш кандидаттың арасында оқ бойы оза шығып, Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ақкөл ауылына басшы болып сайланған әкім. 30 жылдан астам уақыт осы өңірдің ветеринария саласында еңбек еткен, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, 3 баланы тәрбиелеп отырған әке, ауданның сыйлы тұрғыны енді әкім ретінде қызмет етіп, туған жерін көркейтуге үлес қоспақшы.

Azattyq Rýhy тілшісіне берген сұхбатында Әлімбай Насихатұлы туып-өскен жердегі өзекті мәселелер және оларды шешудің жолдары жөнінде айтты.

«Біздің Құрманғазы ауданы – киелі топырақ. Бұл жерде атақты күйші Құрманғазы, Әнұран авторы Жұмекен Нәжімеденов дүниеге келген. Қасиетті, қастерлі жерді 58 мыңнан аса тұрғын мекен етеді. Оның 13 мыңы аудан орталығында, 6 мыңы осы біздің Ақкөл ауылында тұрады. Ауылда 24 мекеме, теміржол стансасы бар. Тоқсан жолдың торабы. Кез келген ауыл, қала, мемлекет, ұжым, тіпті, әр адамның таусылмайтын проблемасы болады. Сол сияқты Ақкөлдің 4-5 проблемалық мәселесі бар. Мен осы ауылда тұратындықтан, тумасы болғандықтан, оның әрқайсысын бес саусақтай білемін. Аудандық ветеринар болып он жылдан аса қызмет еттім. Бүкіл ауданның мәселесін жақсы білемін.

Енді, Ақкөлге келер болсақ, бұл – дамуға потенциалы мықты елдімекен. Ең негізгі мәселелер: су, жарық, ішкі жолдарды жөндеу. Аудан бойынша тек қана біздің елдімекенде саяжайымыз бар. Неше түрлі ағаштың сұрыптары өседі. Соңғы кезде су мәселесі салдарынан осы ағаштардың өсуіне кедергі бар», - дейді Әлімбай Насихатұлы.
Жаңа сайланған ауыл әкімі бұл мәселені шешудің оңтайлы жолын ойлап тапқан. Айтуынша, балаларды физикалық еңбекке баулу арқылы саяжай мәселесін де шешуге болады.

«Саяжайды қолға алып, қалпына келтірсек деймін. Сондай-ақ жастар арасында әртүрлі жарыстар өткізгім келеді. Өзім дойбышылар арасындағы облыстық біріншіліктің жүлдегерімін, бірінші разрядты спортшымын. Ұлымды да, қызымды да осы ойынға баулыдым. Футбол, дойбы, басқа да спорт түрлерінен Ақкөлдің аты шығып, бірінші орынды ешкімге бермесе екен деймін», - дейді әкім.
2014 жылы Арыс баспасынан Әлімбай Насихатұлының «Майталман мал мамандары» деген кітабы жарық көрген екен. Бұл еңбекте 1933 жылдан бергі ауданның ветеринария саласы туралы жазылған.

«Өзінің тарихын білмеген адам болашаққа қадам жасай алмайды. Сол себепті, енді ауылымыздың ардагерлері туралы кітап жазу идеясы бар. «Жұмыс істегісі келмеген адам сылтау іздейді, ал жұмыс істегесі келген адам оның жолын іздейді». Біздің ауданның бюджеті - 12 млрд теңге. 10 млрд-ты облыстық бюджеттен дотациямен аламыз, қалған 2 млрд – жер, автокөлік салығынан, балық аулайтын ұжымдар төлейтін салықтан түседі. Енді ауылды көркейту үшін өзіміз ұмтылуымыз керек», - деді Әлімбек мырза.
Алматыда зоотехникалық-малдәрігерік институтында білім алған азамат не себепті әу бастан ауылда еңбек етуді таңдады? Бұл сұраққа Әлімбек Насихатұлы былайша жауап қатты:

«Кезінде Алматыдан, Ғылыми-зерттеу институтынан, облыстан жұмыс ұсынған сәттер болды. Бірақ әкемнің тәрбиесімен мен өзім туған ауылда еңбек еткім келді. Ауыл тіршілігі маған қатты ұнайды. Бәрі де ауылдан басталады. «Мәскеуге апарар жол - біреу» деген сияқты, үлкен мегаполистерге апаратын жол ауылдан басталады. Қазақстан - аграрлы ел. Жер көлемі бойынша дүние жүзінде тоғызыншы орында. Ауыл шаруашылығын, егін, мал шаруашылығын дамытуға өте қолайлы климаттық жағдайы, жайылымдық жері бар мемлекет. Біз осы потенциалды әлі толық пайдалана алмай отырмыз. Ал пайдалану үшін ауылға қол ұшын созуымыз керек.

Фариза Оңғарсынова айтқандай, «Қазақстан - жас мемлекет. АҚШ сияқты 300 жыл өмір сүрген, қалыптасқан мемлекет емес. Тәй-тәй басқан бала сияқты енді жетіліп келеміз. Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін «не бересің» деп Үкіметтен сұраудың орнына «туған жеріме өзім не бердім» деп сұрау керек». Әкім болып сайлану көлікке мініп, әдемі галстук тағып жүру емес, бұл – елге қызмет ету», - деді Ақкөлдің әкімі.
Сымбат Ғалымжан, Нұр-Сұлтан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста