Әкімдердің айлығы мен байлығы қанша?

Әкімдердің айлығы мен байлығы қанша?

Кеше Алматы қаласы­ның аудан әкімдері жыл­дық табысы мен жеке мүлкін көпші­лік­ке жа­рия етті. Бұл – республика көлемінде жария­лан­ған «Өзің­нен баста» акциясының талабы.
Акцияға қаладағы Медеу, Түр­­ксіб, Жетісу және Алмалы аудан­да­рының бас­шылары қа­тысты. Жыл­дық кірісте­рін көпші­лікке жа­рия­ла­ған әкімдер айлық жалақы­ларының бір жылдық мөлшері орта есеппен бір жарым мил­лион теңгені құрай­тын­дығын мәлімдеді. Аудан бас­шы­лары одан өзге қала орталықта­рын­да үш және төрт бөлмелі пә­тер­лері мен деклара­цияда көрсе­тіл­­ген қол­ма-қол ақшаларының бар екендігін айт­ты.

Ербол Әліқұлов, Жетісу ауданының әкімі:
– Бір айлық жалақым – 145 мың тең­ге. Төрт бөл­мелі пәте­рім, екі жеке автокөлігім, декла­рация­да көрсе­тіл­ген қолма-қол қаражат және үшінші тұл­ғаның атына рәсімделіп, сенімді бас­қаруға беріл­ген ком­паниям бар.

Владимир Устюгов, Түрксіб ауданының әкімі:
– Бір жылдық еңбекақым былтыр 1 миллион 580 мың теңгені құрады. Үш бөлмелі пәтерім мен Талғар қаласында­ғы саяжайға иелік етем.

Махамбет Бейдәлі, Медеу ауданының әкімі:
– Ай сайын 155 мың теңге жалақы алам. Тимирязев көшесінде төрт бөлмелі үйім, декларацияда көрсетілген қолма-қол ақшам және жер телімім бар.

Марат Пірінбеков, Алмалы ауданының әкімі:
 – Бір жылда бір жарым миллион теңге жалақы алам, деклара­цияда көрсетілген 20 миллион теңге қара­жатым бар. Одан өзге жылжымайтын және жылжымалы мүлкім жоқ.

Басшылардың табысы мен материалдық жағдайын жария етуі басқа мемлекеттік қызметкерлерге үлгі болса. Келесі жолы қаладағы департамент, басқарма басшылары мен басқа да мемлекеттік қызмет­керлер кірістерін ресми түрде жарияламақ. «Халық билік басында отырғандар жайлы бәрін білуі тиіс». Шара барысында «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалы төра­ғасы­ның орынбасары Ақылбек Желдібаев осылай деді. Оның айтуынша, жемқорлыққа тосқауыл қою бағытында прокуратура, сот, Қаржы полициясы және халыққа қызмет көрсету орталықтарының өкілдері қоғамдық қабылдаулар өткізген.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста