Әл-Фараби армандаған қайырымды қала

Әл-Фараби армандаған қайырымды қала

Астана мерекесі биыл ерекше мәнге ие. Мемлекеттігіміздің символы болып отырған осы қымбатты мейраммен биыл Елбасының 70 жылдық мерейтойы сәйкес келіп отыр. Әдетте мерейтой тек туған күнді ғана тойлап өтетін дата емес, мерейтой иесі туралы терең ойларға жетелейтін, ойландыратын меже де. Осы орайда, мемлекетіміздің өмірінде айрықша құбылыс болып отырған, еліміздің қалыптасуы, дамуы мен ертеңі ұғымдарымен тығыз байланысты тұлға – Нұрсұлтан Әбішұлының феноменіне бір мәрте үңілсек, артық болмас еді.

Әл-Мәдина әл-фадила (игілікті мемлекет)
Бүгіндері біз Қытай мемлекетіне қызыға қараймыз. Қытайдың мемлекеттік әлеуеті, экономикалық дамуы, әлеуметтік саладағы қол жеткізген табыстарын былай қойғанда, ондағы дәстүршілдік, өткенге ілтипатпен қарау, Конфуций ілімін бүгінгі күнге лайықты қолдана білуінің өзі қандай да болса құрметке лайық. Қытай қоғамының «гармониялық қоғамды дамытуға» бет алуының негізінде осы дәстүршілдік ұстанымы жатыр. Ал өзіміздің Егеменді, Тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуы мен болашақ дамуына ұстын бола алатын неміз бар?

Алыстан ештеңе іздемей-ақ, қазақ топырағынан шыққан Шығыстың ұлы ойшылы, адамзаттың екінші ұстазы, "Әл Му'алим Әс-Сани"— Әл-Фараби бабамыздың даналық трактаттарын еске алайықшы. Аудармалары арқылы Еуропаны антикалық кезең даналармен қайтадан табыстырған, жаратылыстың, болмыстың заңдылықтарын терең зерттеген ғалым, трактаттарының басым бөлігін қоғам мен жеке адам, мемлекет пен оны басқару, ақиқат жолы, адам баласын бақытқа жеткізетін жол іздеу, адам өміріндегі ізгілік мәселелеріне арнаған екен.

Осы орайда оның «Қайырымды қаланың тұрғындарының көзқарастары хақында» трактатының орны бөлек. Трактаттың арқауында – адамдардың бәрі бір-біріне мейіріммен қарайтын, бір-біріне көмектесу арқылы адамзаттың асыл арманы – оның Адам деген асқақ арманына лайық идеалды қоғамға жету жолдары қарастырылған.

Онда ұлы ғалым нағыз гуманист ретінде адамның ақыл-ойының жан-жақты дамып, табиғат пен қоғам сырын толық ашуы мүмкін екеніне кәміл сенеді, адамзат қоғамындағы барлық проблемаларды шешуге қабілетті ең басты күш – ақыл-парасат деп біледі. Болашақ қоғамды адамдардың емін-еркін өмір сүретін, қоғам мүшелерінің бәрі тең, бірін-бір құрметтейтін, бақытты қоғам ретінде суреттейді. Бүкілхалықтық бақытқа жетудің бірден-бір жолы ғылымды, білімді игеруде деп білді.

Ал біз бүгінгі құрып отырған қоғамымызды, Тәуелсіз мемлекетімізді, еліміздің қол жеткізген жетістіктерін, алға қойған идеалдарын бағамдап көрсек – дана бабамыз суреттеген идеалды қоғамның кескінін көре аламыз ба? Әрине, әлі де болса жас, қалыптасып келе жатқан ел болсақ та біз дәл осы бағытқа қадам басып келе жатқанымыз анық. Өйткені еліміздің алдына мақсат етіп қойған қай бағдарламасын алсаңыз да осы ұстанымдарға негізделгенін байқаймыз. Ал осы мақсаттардың басы-қасында Елбасы жүрді.

Әл-малик'әл-аль-хакика (ізгілікті басшы)
«Қайырымды қаланың тұрғындарының көзқарастары жайында» трактатында ұлы ойшыл ар-ра'ис әл-аууал – мемлекет басшысына 12 талап қояды. Ең алдымен, ол табиғатында басқаруға бейім, бүгінгіше айтсақ – тумасында лидер болуы керек. Екіншіден, ол бойындағы Құдай берген қабілетін жүзеге асыруға деген ерік-жігері мол, алға қойған мақсатынан таймайтын «саяси жігерге» ие тұлға болуы тиіс. Сонымен қатар табиғатынан зерек, жаңалықты тез қабылдайтын алғыр, өткеннің сабақтарын, атадан қалған заңдарды жақсы білетін, яғни өткенге ілтипатпен қарайтын дәстүршіл, әр сөзін өзгенің санасына жеткізе алатын шешен, білімге құштар, ойшыл, ертеңді болжай алатын кемеңгер тұлға болуы тиіс. Шындықты, ақиқатты сүйетін, әділ басшы, батыл шешімдерді тез қабылдай алатын жүректі болуы керек. Сондай-ақ дені сау, кез келген әскери істі атқаруға қабілетті, тіпті, құмар ойындардан алыс жүретін, сақ, өнерге жақын, әдепті адам болуы тиіс.

Осы асыл қасиеттердің бәрі де Елбасының бойынан табылатынын кім де болса мойындайтыны анық.

«Ақиқат басшы деп өзінің мемлекетті басқару қабілеті арқылы мемлекет тұрғындарын ақиқат бақытқа жеткізуді алдына мақсат етіп қойған тұлғаны айтуға болады. Өйткені басқару өнерінің мәні мен мақсаты да осы – адамдарды шынайы бақытқа жеткізу. Демек, игілікті мемлекеттің басшысы да ең бақытты адам болуы тиіс, өйткені ол қаланың өзге тұрғындарының бақытқа жетуінің себепкері болып отыр» – дейді дана ойшыл «Фусул әл-мадани» – «Мемлекет қайраткерінің даналығы» еңбегінде. Ендеше жаңа мемлекеттің бастауында тұрған, оны көрегенділігі мен басқару шеберлігі арқылы замананың небір қиын тұстарында қатал сындардан алып өткен басшыны ел Президентін бақытты адам деп айтуға толық хақымыз бар.

«Китаб ат-танбих'ала сабил ас-са'ада» (бақытқа жетудің жолы)
Мұның бәрі «антикалық қоғамға лайықталған, бүгінгі күнге сәйкес келмейді» деушілер де табылатыны анық. Бірақ тарихтың спираль бойынша дамитынын еске алсақ, бүгіндері біз сол полис-мемлекет заманына қайта оралып келе жатқан тәріздіміз. Оған «кінәлі» – технологиялық прогресс, ақпараттық технологиялардың дамуы. Адамзаттың саяси ақыл-ойында ерекше орын алатын «тікелей демократия» концепциясы, яғни мемлекет басқаруға жеке адамның өзінің тікелей қатысуы екендігін ескерсек, ол үрдіс қала-мемлекеттер шағын кезінде ғана тиімді еді. Полистар өсе келе, мемлекеттік маңызды мәселелер алаңда шешілмейтін болды, жеке адамның рөлі азайды, азамат пен билік арасын байланыстыратын түрлі топтар, ұйымдар, партиялар сияқты түрлі саяси институттар пайда болды. Бірақ бүгіндері ақпараттық технологиялар «кеңістік» ұғымын барған сайын тарылтып келеді.

Қазір жеке адам қайда болса да, қоғаммен тығыз байланыста бола алады. Демек, тұлғаның, азаматтың мемлекеттік мәселелерге тығыз араласып, өз дауысын тікелей жеткізе алатын жүйенің қажеттігі туындайды. Осы мәселелердің бәрін ескере келген Елбасы кезінде «Сайлау» электронды дауыс беру жүйесін ұсынған кезде жұртшылық оны салқын қабылдағаны да есімізде. Енді байқасақ, бұл тек қолданысқа ыңғайлы, дауысты тез санауға мүмкіндік беретін құрылғы ғана емес, бабалар даналығын бүгінгі заманға лайықтай алатын, антикалық замандағы саяси ақыл-ой мұрасын бүгіннің игілігіне айналдыра алатын жүйе екен. Осы шағын мысалдың өзінен-ақ Елбасының ертеңге салып отырған жолының сұлбасы анық байқалатын тәрізді.

Ендеше адамзат баласы неше ықылым заманнан бері армандап келген Жерұйық қоғамға халықтың ауызбірлігі мен ынтымағы, жігері мен әлеуетін дана басшылықпен үйлестіре отырып жетуді басты мақсат етіп қоюымыз керек. Өйткені тарих жолында небір азапты жолдармен жүріп өткен халқымыз «Қайырымды қаланың тұрғындары» болуға сөзсіз лайық.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста