Алаш арыстарын неге «жапон тыңшысы» деп айыптады?

Алаш арыстарын неге «жапон тыңшысы» деп айыптады?

«Қазақтың әрбір тасы қазақтың өңіріне түйме болып тағылып, қазақтың жерінде өндірілген бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып тоқылып киілуі керек» деген ұстанымды темірқазық қылған Алаш арыстарының аянышты тағдыры әрбірімізге аян. Алайда айтпағымыз – талайлы тағдырлар жайлы емес, Байтұрсынов, Бөкейханов, Дулатов сынды шын ұлтым деген ұлықтарға «халық жауы» дегенмен қатар, неліктен «жапон тыңшысы» деген айып қоса тағылды? Қарап тұрсақ, Жапония қайда, кең байтақ қазақ жері қайда? Алыстағы аралдарда өз бетімен күн кешіп жатқан күншығыс елімен біздің арыстарымыздың арасында қандай байланыс болуы мүмкін? Бұл – ұлтымыздың тарихына, тұлғалар тағдырына бейжай қарамайтын әр қазақтың көкейінде тұрған сұрақ.
Ең бірінші қолға іліккені жас күнінде арыстарымыздың арасында жүріп, солардың аманатын арқалап қалған ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің небәрі 20 жасында жазған «Жапония» атты ма­қаласы болды. Алаш көшбасшылары сол тұста қазақтың бойындағы қай­сар­лық рухын түртіп ояту үшін ешқандай езгіге жаншылмай, өз ұлттық ерекшелі­гін сақтап қалған елді іздеді. ХІХ ғасыр со­ңы мен ХХ ғасыр басында Еуразия ке­ңіс­тігінде Батыстың экспансиясына ұшы­ра­маған бірден-бір ел Жапония еді. М.Әуезов күншығыс елінің 1861 жы­лы жүзеге асырған әйгілі «Мэйдзи» ре­фор­ма­сын талдай келе, соның ішіндегі бі­лім­ге қатысты тұсына баса назар ау­дарады. Сол бойынша жапон жұрты ХІХ ғасыр соңында өздерінің жас талант­ты да талаптыларын жаппай Германияға не сол сияқты Еуропаның басқа да озық елдеріне оқуға жіберуді жіті қолға алған болатын. Нәтижесінде ХХ ғасыр баста­лысымен-ақ жапондар кімді де болсын өздерінің ұлттық мүддесіне қызмет еткізе алатын ең мықты ұлтқа айналды. Алашорда үкіметін құрып, аяқтан тік тұрғызуға бізге сондай тәжірибе қажет еді.
Алаштанушы ғалым Тұрсын Жұртбай да өзінің осы тақырыптағы мақалаларында ұлттық бірлік пен Тәуелсіздік жолында құрылған Алаш партиясының негізгі бес ұстанымын талдай келе, «Бесінші – ең негіз­гі ұстанымы бойынша ғылымға, со­ның ішінде тәуелсіз ғылымға, ұлттық дәс­түр­ге негізделген, заңға сүйене отырып, Жапония үлгісіндегі  ұлттық  демократиялық мемлекет құрылуы керек еді. Алаш қай­раткерлерінің бұл ұстанымының дұрыс­тығына саму­рай­лық дәстүрге негізделген жапон ұлтының бар-жоғы 20 жылдың ішінде біртұтас им­пе­рияға айналып шыға келуі дәлел болса керек. Дәстүрге беріктік деп отырғаны – осы», – дейді.
ХХ ғасыр басында «Жапония» атты мақала жазып, сол арқылы Алаш  жұртына мықты тірек, күшті идеология ұсынған ұлы Мұқаң – Мұхтар Әуезовтің ұлы, мәдениет­танушы ғалым, жазушы Мұрат Әуезов бұл орайда былай дейді:
Мұрат Әуезов,
– Жапондықтар – біздің тарихи достарымыз. Тек Мұхтар Әуезов қана емес, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Бай­тұрсынов, Міржақып Дулатовтар бас­таған Алаш азаматтары Күншығыс елін терең зерттеуге ден қойған. Жапония тарихын, сол халықтың тарихи шығу негізін білуге ұмтылған. Неге? Себебі ХХ ғасыр басында Азия кеңістігінде Жапониядан басқа бірде-бір ел, тіпті қазір экономикалық жағынан да саяси жағынан да әлемге өз тамырын терең жайған Қытайдың өзі, Үндістанда өз бос­тан­дығын сақтай алмаған. Сондықтан Алашорда мемлекетін құруда арыста­рымыз Тәуелсіз ел ретінде Жапонияның тәжірибесін терең зерттеуге тырысты. Ал енді «жапон тыңшысы» деген айып­ты Алаштықтарға, менің пайымдауым­ша, осы Жапонияға деген аса қызығу­шы­лықтарына қарай таққан секілді. Сон­дықтан, Алаштықтардың жапон хал­­қына, еліне, мемлекетіне бүйрегі бұрға­ны шындыққа жанасымды. Алайда ол өз халқына жау болу үшін емес, кері­сін­ше, қазақты сондай Тәуелсіз ел қылу үшін. Мен жапондық­тарға бүйрегі­міз мәңгі тартсын дер едім.
Тәуелсіздік алғаннан кейін кеңестік кезден «мұра» болып қалған салқын қабақ­­ты­лықтың сеңі бұзылып, еліміз барлық елмен түрлі салада байланысқа еркін түсе алатын мүмкіндікке ие болғаны белгілі. Соның ішінде Жапония ғалымда­рымен де. Қазақстанмен тығыз байланыс­тағы жапон ғалымдарының бірі Томохико Уяма – өзінің ғылыми ізденісі барысында осы Алаш пен жапон байланысына тоқтал­ған адам. Ол осы ретте былай дейді:
– Жапония ІІ дүниежүзілік соғысқа дейін және соғыс кезінде де идеоло­гияландырылған ел болды. Алайда жапондарды соғыстан кейін, ел еңсесін қалай көтереміз деген сұрақ көбірек мазалайтын болды да, сол арнаға бет бұрды. Меніңше, жапондықтар мен алашордалық­тарды елдің экономи­калық және мәдени, рухани ахуалын қайтсек көтереміз деген ойы ортақтас­тырды.

Түйін: 
Жаман пиғыл иелері жеті құлыпқа салып, жеті қат жердің астына тастау арқылы ақиқатты адастырдым деуі  мүмкін. Алайда бұл  – барып тұрған қателік. Сол қателік талай көреген, көсем ұлт зиялыларының тағдырына қиянаттан қыл арқан болып керіліп, «халық жауы», «жапон тыңшысы» секілді таңба басты. Жазықсыз күйдірді. Алайда араға сан жылдар салып, ақиқат жарыққа шықты. Ол ақиқат –  бір кездері Жапония секілді салтына берік, саясаты нық елді арыстарымыздың Алашқа үлгі етуде мүлт кетпегендігі. Бүгінде барлық жағынан өзге елдерге үлгі боларлық озық өркениеті бар ел  - Жапония. Соны сонау ХХ ғасыр басында-ақ байқап, көк аспанын тұман басқан қазаққа «құс жолы» етіп көрсеткен Алаш қайраткерлерінің көрегендігі тұғын... Кім білсін, егер ұлт көсемдерінің сәулелі идеясы сол кезде-ақ жүзеге асып, қатыгез пиғылды әміршіл жүйенің бөгеті болмағанда бүгінгі Қазақстан қаншалықты қарыштап дамығын ел болар еді...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста