Алдағы 3 тәулікте ауа райы жаңбырлы болады
Демалыс күндері еліміздің оңтүстігіне көптен күткен салқын түсті. Температура +35-40º-тан +27-32º-қа дейін төмендеді. Аталмыш көрсеткіш көпжылдық ауа райы мөлшерімен салыстырғанда 2-6º-қа төмен. Бұл өзгерістер суық атмосфералық фронттардың өтуі мен тропосферадағы оңтүстік-батыс ағымдарының солтүстік-батыс және солтүстік ағымдарына ауысуымен байланысты. Сондықтан тек оңтүстікте ғана емес, демалыс күндері Қазақстанның барлық облыстарында температура климаттық нормадан 2-5º-қа төмен болды. Алдағы 3 тәулікте солтүстік-батыс ағымдары мен атмосфералық фронттардың ауа райына тигізген әсері сақталады. Еліміздің кей жерлерінде жаңбыр жауады. Солтүстік, орталық және шығыс аумақтарында жаңбыр, бұршақ, екпінді жел күтіледі. Батыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз, бірақ температура әлі де нормадын 2-4ºС-қа төмен болады.