Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде қар жауып, күн суытады
Өткен демалыста еліміздің бірнеше аймағына дауылды ескерту жарияланған болатын. Алдағы үш күнде циклондардың Қазақстан аумағына жылжуына байланысты батыс және солтүстік облыстарда жаңбыр немесе қар жаууы мүмкін, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Қазгидрометтің» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Циклонның жылжуына және суық атмосфералық фронттарға байланысты, солтүстік пен шығыс облыстарда қатты қар жауады. Батыстан соққан жел 23-28 м/с-қа жетіп, кейбір жерлерде боран болады. Осы аймақтарда көктайғақтың болу да ықтимал.
Алдағы бірнеше күнде Қазақстанның оңтүстігінде, 25 қазанда оңтүстік-шығысыта жаңбыр жауады. Қазірдің өзінде таулы аймақтарда жаңбыр мен қар жаууда. Еліміздің көп бөлігінде ауа температурасы төмендеп, климаттық нормадан 3-5º С төмен болды. Ал оңтүстік облыстарда температура тұрақты күйде қалады.