Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Ақпаратқа сәйкес, Қазақстанның басым бөлігі антициклон ықпалында болады, бұл солтүстік өңірлерлерде күннің жылынуына әсер етеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Вaribar.kz-ке сілтеме жасап.
Елдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында ауа райы жағдайының қалыптасуына атмосфералық фронт әсер етеді. Күн күркіреп, жел күшейеді.
Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі уақытта топырақ бетінде 2 градус үсік болып және тұман түседі, — делінген хабарламада.
Ауа температурасы: күндіз
батыста +30+35 градус,
солтүстік-батыста +23+33 градус,
республиканың солтүстігінде ауа температурасы +17+25 градустан +23+30 градусқа дейін,
орталықта +15+22 градустан +20+31 градусқа дейін,
шығысында +13+21 градустен +20 +28 градусқа дейін көтеріледі,
елдің оңтүстігінде ауа температурасының негізгі аясы +27+32 градус,
оңтүстік-шығысында +20+28 градус.