Алматы әкімдігі креативті экономиканың бір форумы үшін 124 млн теңге жұмсамақ

Алматы әкімдігі креативті экономиканың бір форумы үшін 124 млн теңге жұмсамақ

Алматы қаласына Бақытжан Сағынтаев әкім болып барғалы шаһардың дамуына қатысты «креативті экономика» деген термин жиі айтыла бастады. 2019 жылдың ортасында қала әкімі болған Сағынтаев 2020 жылы креативті экономикаға қатысты бірнеше ауқымды кездесу ұйымдастырса, 2021 жылдың басында әкімдікке қарасты су жаңа креативті индустриялар басқармасын құрды. Міне, сол басқарма жыл соңына қарай қалада «креативтік индустриялардың халықаралық форумын» өткізбекші. Бсқарма бұл мақсат үшін 124 млн теңгенің тендерін жариялаған.

Тендер қарашаның 22-сі күні мемлекеттік сатып алулар сайтына ілініп, жеңімпаз 29 қараша күні анықталған. Лоттың нақты сомасы 124 млн 654 мың теңге.

124 млн теңге бюджет қаражаты кімге бұйырды?

Лотты бес жыл бұрын пайда болған «ROI GROUP» ЖШС жеңіп алған. Компанияның жетекшісі – Данияр Шәмиев. Алғашқы жылдары бюджетке мүлдем салық түсірмеген компания қазір мемсатып алу сайтының ірі ойыншысына айналған. Биылдың өзінде компания табысынан 183 млн теңге салық төлеген.

10 спикердің бесеуі - «халықаралық сарапшы»

Ал, Алматы әкімдігіне қарасты креативті экономика басқармасы жеңімпаз компанияға тендер аясында форумға қатысты бірнеше шарт қойып отыр. Атап айтсақ, конкурстың техникалық құжаттамасында жазылғандай:

Өнім беруші форумды онлайн және офлайн форматта өткізу тұжырымдамасы мен бағдарламасын әзірлеу керек.
Өнім беруші Тапсырыс берушімен келісу бойынша модератордың және кемінде 10 спикердің (оның ішінде креативтік экономика саласындағы кемінде 5 халықаралық сарапшының) шақырылуын және қатысуын қамтамасыз етеді (халықаралық спикерлер онлайн режимде сөз сөйлейді);
Жеткізуші форумның іскерлік бағдарламасын қалыптастыруға, соның ішінде панельдік сессияларды және/немесе дөңгелек үстелдерді өткізуге жауап береді;
Жеткізуші форумның ресми ашылуы мен жабылуының сценарийлік жоспарларын дайындайды;
Өнім беруші нарық қатысушыларының назарын және қызығушылығын тарту үшін форумның PR бағдарламасын әзірлеуге міндетті;
Жеткізуші QR-коды бар «Ashyq» тақтайшасын және осы бағдарламаны пайдаланудағы басқа да қажетті талаптарды іс-шараларды өткізу ғимаратына кіре берісте орналастыруы тиіс.
Форум қашан өтеді?

Креативті индустриялар басқармасы техникалық құжаттамада форумның өтетін уақытын нақты көрсетпеген. Azattyq Ruhy тілшісі басқарманың баспасөз хатшысы Әділ Нұрғалықовтан телефон арқылы анықтағандай, форум желтоқсанның соңында өтеді деп жоспарланып отыр. Форумға қандай халықаралық сарапшылар қатысатыны, оларға төленетін гонорар құны, форумның бағдарламасы мен нақты өтетін күніне қатысты сұрақтарға баспасөз хатшы тек ресми сауал арқылы жауап бере алатынын айтты.

Ал, Сағынтаев болса, қаланың креативті экономикасын дамыту үшін халықаралық сарапшыларды былай қойғанда, тик-ток желісіндегі Қазақстанның жастардың да пікірін тыңдауға дайын.

Жазда «тиктокерлермен» кездескен әкім оларды қолдап, креативті экономиканы дамыту үшін жағдай жасаймыз деген еді.

«Жетекші алматылық тиктокер және продюсерлермен танымал жастар бағытын қолдау мен оны дамыту мәселелерін талқыладық. Креативті индустрияны дамыту стратегиясы аясында дарынды жастардың өзін-өзі танытуы үшін жағдай жасайтын боламыз. Алматылық тиктокерлердің табысы — өз алдына бір бөлек әңгіме. Біздегі Хаустар 10 мың адамның ішінен бүкіл әлем бойынша 2-3 орын алады. Танымал Tik Tok Хаусер тиктокерлері мен продюсерлері тәжірибе алмасуға, дамуға, сондай-ақ жаңадан келгендердің шығармашылығын монетизациялауға көмектесуге дайын. Біз өз тарапымыздан жайлы жағдай жасауға немесе бейнебаян түсіруге ыңғайлы орын ұсыну бойынша қолдау көрсетеміз», - деген еді Сағынтаев.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста