Алматы әуежайындағы тарихи нысан: бұзыла ма, әлде жаңа орынға сол қалпы көшіріле ме?

Алматы әуежайындағы тарихи нысан: бұзыла ма, әлде жаңа орынға сол қалпы көшіріле ме?

«Алматы әуежайы TAV Airports Holding түрік компаниясына 415 миллион долларға сатылды». Екі жыл бұрын осы ақпарат жұртшылықты еріксіз елең еткен болатын. Себебі көпшілікті алаңдататын басты мәселе әуежайдың өзі ғана емес, оның аумағында орналасқан көне нысан болатын. Ғимарат қаланың мәдениет және тарихи ескерткіштерінің тізіміне енгізілген. Өткен ғасырдың әрбір сәтінен сыр шертетін ғимаратты сақтау жөніндегі талап әуежай сатылғанда жасалған келісімшартта көрсетілген. Дегенмен шетелдік инвестор болғаннан кейін көбірек пайда табуды ойлауы мүмкін деген алаң ой көпшіліктің көкейінде еді. Бұл ой, күдік жуырда бірнеше рет көтерілді. Өз кезегінде Парламент Мәжілісінің депутаттары да қозғап, құзырлы органдарға ұсыныстарын да жеткізген болатын. Azattyq Ruhy тілшісі осы орайда көне нысанның ертеңгі тағдырына қатысты мәселенің анық-қанығына тоқталып өтті.

 
Бұл мәселе қозғалмас па еді, алайда өткен айда Алматы әуежайында VIP терминалы бар ескі әуежай ғимаратын бұзу жұмысы жүріп жатқаны туралы мәлімет, оқиға орнынан түсірілген фотолар желіде таралып, жұрттың ренішін тудырған. Сол сияқты әуежайдың жаңа иелері – түркиялық инвесторлар TAV A’roport Holding тарихи ғимаратты әуежайдың оңтүстік-батыс бөлігіне көшіруден басқа шешім таппағаны да БАҚ беттерінде жарияланған болатын.

Айта кетерлік мәлімет оның құрылысы 2022 жылдың ақпан айында басталған болатын. Ал шілде айында көне ғимараттың тағдырына арналған қоғамдық тыңдаулар өткен еді. Өз кезегінде әуе айлағының әкімшілігі бұл мәселені шешуде екі жол бар екенін хабарлаған.

Оның алғашқысы – ескі әуежай ғимаратын салынып жатқан терминалмен жалғап, өзара біріктіру, оның сыртында да, ішінде де барлық негізгі құрылымдық элементтерді сақтай келе ғимараттың екі қанатынан айыру.

Ал екінші нұсқасы – ғимаратты алдын ала талдау арқылы қазіргі орнынан шамамен 400-450 метр шығыс жаққа қарай көшіру. Ал құрастыру кезінде компания ғимараттың тарихи келбетін барынша сақтап қалуға уәде берген болатын.

Дегенмен түркиялық инвесторлар жергілікті маңызы бар сәулет ескерткішін бұзғаны жөнінде ақпарат жұртты екі түрлі ойға салып қойды. Тіпті бірегей карниздер де сақталмағаны айтылып жатты.

Түркия елінің тарихи нысандарын сақтап қалудағы жетістіктері еріксіз сүйсінтеді. Бұл елде ғасырлар бойы мұра болып келе жатқан небір мешіттер, нысандар сол күйі сақталған. Туристерді осынысымен де қызықтырады. Тарихи нысандарды қадірлей білетін түрік елінің инвесторы неліктен мұндай қадамға барғанын білмек болып, әуежай қызметіне хабарласқанымызда ресми түрде мынадай мәлімет алғанбыз:

«Нысанды бұзып, басқа жаққа көшіру жұмысы қоғамдық талқылаудан кейін басталды. Оған рұқсат беретін барлық құжаттар бар. VIP терминалдың жаңа ғимараты Ахметов көшесінің оңтүстік-шығысында 420 метр жерде болады, витраж, бельведер элементтері секілді негізгі мәдени элементтер сол жерге көшіріледі. Бір бөлшек бойынша витраждар мен терезе жақтаулары алынып тасталды, элементтердің көшірмесін алу үшін қасбеттің негізгі элементтері бояудың көптеген қабаттарынан қолмен тазартылды. Ғимараттың цифрлық егізі жасалды», - деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.

Сол сияқты жаңа терминал 2024 жылдың бірінші тоқсанында салынып бітуі керек болғаны, алайда VIP терминалдың мәдени мұрасын бағалау бойынша халықаралық сараптама мен қоғаммен кеңесу мәселесі жүргізілгендіктен, құрылысты толықтай бітіру жұмысы 2024 жылдың жазына ауыстырылғаны да айтылып өтті.

«Тарихи нысанның орнын ауыстыруымызға мына құжаттар негіз болды:

Алматы қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 11 қарашадағы №4/492 «Әуежай (Халықаралық әуежай) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішінің қозғалысы туралы» қаулысы;

«Қазреставрация» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғылыми-зерттеу және жобалау филиалының 2022 жылғы 31 қазандағы тарихи-мәдени сараптамасының қорытындысы;

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тарихи-мәдени мұра жөніндегі арнайы комиссияның 2022 жылғы 1 қарашадағы №6 хаттамасы», - делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Осыдан кейін бұл мәселе шешімін тауып, проблема төңірегіндегі дау саябырсығандай болған. Алайда жуырда Парламент Мәжілісінің бір топ депутаты түркиялық инвесторлардың берген уәделерін орындамай, тарихи нысанды жойып тастағанын айтып, проблеманы қайта қозғаған болатын.

ДЕПУТАТТАР МӘСЕЛЕНІ ҚАЙТА КӨТЕРДІ

Мәжілісмендер өз сөздерінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының архитектуралық келбетін сақтау қажеттігіне бірнеше рет назар аударып, бірқатар тарихи ғимараттардың қиратылғанын сынға алғанын айта келе Президенттің айқын тапсырмаларына қарамастан Алматының қалалық кеңістігін «қайта форматтау» процесі жалғасып жатқанын қозғап өткен болатын.

«TAV Airports Holding түрік холдингіне сатылған Алматы әуежайын қайта құру жұртшылықтың наразылығын тудырып отыр. Ол – 1936 жылы салынған ескі әуежай ғимараты, ол сәулет ескерткіші ретінде танылған. Еліміздегі ең ірі мегаполистің әуе айлағы жаңғыртуды қажет ететіні сөзсіз. Бірақ мұны тарихи нысандарға зиян келтірместен және қоғаммен келісе отырып жасаудың жолдары бар екеніне сенімдімін.

Бастапқыда әуежайдың жаңа иесі сәулет ескерткішін сақтауға міндеттеме алып, ғимаратты көшіру жоспарын ұсынған. Алайда енді шығындарды азайтуды мақсат еткендей, бұл ескі әуежай ғимаратын бұзуға әкелді, оның орнына қандай да бір симулякр (көшірмесі) тұрғызылды. Тағы да қайталаймын, TAV Airports Holding сәулет ескерткішін көшірген жоқ, жойып жатыр. Бұл Джоконданың портретін өртеп, оның өтеуі ретінде орнына принтер арқылы басып шығарылған фотокөшірмесін берген сияқты», - деп «AMANAT» фракциясының мүшелері проблеманы қозғап өтті.
Сол сияқты депутаттар шетелдік инвестордың тарихи мұраға мән берудің орнына пайда табуға деген қызығушылығы әлдеқайда жоғары екенін айрықша қозғап өтті.

«Бұл мәселеде біз өзіміз, мемлекет, ең алдымен, уәкілетті институт ретінде экономикалық, әлеуметтік және мәдени-тарихи ұлттық мүдделерді қорғауымыз керек. «AMANAT» партиясы сайлаушылар алдындағы жауапкершілігін сезіне отырып, ортақ мұрамыз жойылып жатқанда шет қала алмайды.

Өкінішке қарай, бүгінгі таңда 1936 жылы салынған Алматы қаласының сәулет ескерткіші мәңгілікке жоғалып кетті деп айтуға болады. Бұл, менің ойымша, қылмыс болмағанның өзінде, кем дегенде, өз міндетін толық орындамауы деуге болады. Бұл кез келген жағдайда мемлекеттік қадағалау органдарының ымырасыз және ашық бағалауын талап етеді», - дейді мәжілісмендер.
Осыған байланысты Парламент Мәжілісінің депутаттары Бас Прокурор Берік Асыловқа бірқатар ұсынысын айта отырып, оларды орындауды тапсырды:

TAV Airports Holding-тің ескі әуежай ғимаратын бұзудағы заңдылығын тексеріңіз;
сәулет ескерткішін бұзуға рұқсат алудың заңдылығын тексеру;
тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және пайдалану туралы ҚР заңын бұзуға жол берген адамдарға қатысты тиісті шаралар қабылдау.
ӘУЕЖАЙ БАСШЫЛЫҒЫ БҰЛ ЖОЛЫ НЕ ДЕЙДІ?

Депутаттар бұл проблеманы қайта көтергеннен кейін уақыт оздырмай Алматы әуежайының баспасөз қызметіне хабарласқанымызда мынандай жауап алдық:

«VIP-терминалды жаңа орынға көшіру халықаралық Алматы әуежайының мәдени мұрасын сақтауға ықпал етеді. Ескі нысанды көшіру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына толық сәйкес барлық қажетті рұқсаттармен жүзеге асырылады. Бүкіл жобаны EBRD және IFC халықаралық қаржы институттары қаржыландырады, олар мәдени мұраны қорғаудың ең жоғары әлемдік стандарттарын талап етеді.

2020 жылдан бастап бұл процесс барынша ашық, Mott MacDonald Британиялық консультанттарының тәуелсіз бақылауымен жүзеге асырылады. Мүдделі тараптармен тұрақты кездесулер өткізілді, оның ішінде бес қоғамдық тыңдау мен талқылау болды. Мәдени мұра халықаралық стандарттарға сәйкес Алматы әуежайын дамыту жөніндегі ағымдағы жобаның орталық объектісі болып саналатын жаңа ғимаратта сақталады және кеңейтіледі», - дейді әуежайдың баспасөз қызметі.

Өз кезегінде Алматы әуежайының президенті Эрсой Альп Эр Тунга әуежайды дамыту үшін 200 млн доллардан астам инвестиция салынатынын айрықша қозғап өтті.

«Біздің компания 29 елдегі 90 әуежайда жұмыс істейтін әлемдегі ең ірі әуежайды басқару платформасының бөлігі болып саналады. Соңғы 25 жыл ішінде біз бүкіл әлем бойынша әуежайларды сәтті салдық, қаржыландырдық және басқардық. Мақсатымыз өзіміз жұмыс істейтін өңірлерді ілгерілету мен дамытуға ықпал ете отырып, жолаушыларға барынша ыңғайлылықты қамтамасыз ету. Біз Алматы халықаралық әуежайын аймақтағы ең үздік әуежай ретінде дамытуға 200 миллион доллардан астам инвестиция саламыз. Этикалық бизнесті ұстанатын қоғамдық компания ретінде біз өз брендіміздің тұтастығын қорғауға міндеттіміз», - дейді Эрсой Альп Эр Тунга.

Сөз соңында айта кетеріміз, тарихи нысанның жойылып кетпей, басқа орынға көшірілуін жергілікті құзырлы мекемелер де назарда ұстағаны жөн.

Меруерт Сырымбекқызы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста