Алматы гүлдердің ордасына айналады

Алматы гүлдердің ордасына айналады

Биыл оңтүстік астана аума­ғындағы 190 мың шаршы метрге гүл отырғызылады. Алматы шаһарының тарихында бұрын-соңды мұнша көп гүлзар болған емес.
Алматы қаласы әкімдігі мамандарының мәліметінше, биыл көпжылдық гүлдер қаланың саябақтары мен гүл бақтарына, автомагистральдарды бөліп тұрған жолақ­тарға, заңды тұлға нысандары мен тұрғын үй кешендеріне іргелес аумақтарға егіледі. Көктемнің ортасында-ақ шаһар ландшаф­тына түр-түсі сан алуан қызғал­дақтар сән бермек. Олардың мерзімі келіп, солған кезде, орнына жазғы гүлдер отыр­ғы­зылады. Гүлмен көріктен­діруде қала көше­лерінің бірыңғай стилі сақталады. Биыл көшелерге салынатын гүлзарлар үшін ең озық техно­логия қолданылып, бұрын-соң­ды тәжіри­беде болмаған пішіндер таң­далады. Айталық, шар, алма, қала елтаң­басы, панно сияқты гүлді формалар орын теппек. Ма­мандар ұлу жылы Алматы нағыз гүл-қалаға айналады деп отыр. Осы мақ­сатта аула аумақтарын ең әсем гүл­дермен безендіруге арнайы байқау ұйым­дас­тырылмақ. Бұған қоса, мамыр айында ланд­шафт дизай­нерлерінің «Алматы – гүл-қала» фестивалі осымен екінші жыл өткізілетін болады. 2010 жылы оңтүстік астанада 110 мың шаршы метр, былтыр 180 мың шаршы метр аумаққа гүл отыр­ғызылды. Биыл гүлзарлар ауданы 190 мың шаршы метрге жетеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста