Алматы облысында үйіне оралған вахта қызметкері әйелін ұрып өлтірді

Алматы облысында үйіне оралған вахта қызметкері әйелін ұрып өлтірді

Алматыда үйіне оралған вахта қызметкері әйелін аяусыз ұрып өлтірді. Ер адамның мұндай әрекетке баруына қызғаныш себеп болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. 

Аталмыш дерек Талғар ауданындағы ауылдардың бірінде тіркелген. Анықталғандай, іссапардан келген үйдің отағасы әйелінің – мас, ал балаларының тамақ ішпегенін көрген. 


Оралда экс-шенеунік бұрынғы әйелін өлтіргені үшін алған үкімге шағымданды
Бала ауруханаға түсті: Алматы облысында ер адам мектеп оқушысын соққыға жықты (видео)

Үйдегі жағдайға ашуланған ол жанжал шығарып, әйелін көзіне шөп салды деп айыптаған. Кейін аяусыз соққыға жыққан. Түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген әйел есін жимастан көз жұмды. 

"Ер адам ұсталып, қамауға алынды. Қазір Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлімі бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр", – деді Талғар аудандық полициясында. 

Ведомствода істі жан-жақты тергеу үшін сәйкес сараптамалардың тағайындалғанын қосып өтті. 

Айта кетейік, бұған дейін үш жастағы баланы өз ағасы ұрып-соққанын хабарлаған едік. Бала сөйлей алмайды  және өз бетінше тамақ іше алмайды. 
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста