Алматы тауларында жоғалып кеткен аустралиялық турист өлі күйінде табылды

Алматы тауларында жоғалып кеткен аустралиялық турист өлі күйінде табылды

Республикалық жедел-құтқару жасағы Алматы тауларында жоғалып кеткен Аустралия азаматының денесін тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәйіт Аюсай шатқалындағы бірінші сарқыраманың жанынан табылды.

Алдын-ала мәлімет бойынша, 2023 жылғы 21 мамырда 1995 жылы туған Аустралия азаматы Үлкен Алматы шатқалына қарай кеткен.

Полиция департаментіне оның жоғалып кеткенін хостелде бірге тұрған Ресей азаматы хабарлаған.

Жоғалған адамды соңғы рет әріптесі көрген. Оның айтуынша, олар Алматыға 20 мамыр таңертең туристік мақсатта келген. 22 мамырда таңғы сағат 7-де туристер кері ұшып кетуі керек болған, бірақ құрбысы әуежайға жалғыз барыпты.

Туристі іздеуге Республикалық жедел-құтқару жасағы құтқарушыларының жедел тобынан 6 адам және 1 кинологиялық бригада жіберілген.

"Сағат 23:40-та олар іздеуге кірісті. 2:40-та Республикалық жедел-құтқару жасағы қызметкерлері мен полицейлер ғарыш станциясына көтеріліп, беткейлерді, төмен қарай түсіп, құбырдың оң және сол жағын тексерді. Көлдің оң жағын шарлап шықты, ол жақтан табылған жоқ. Үлкен Алматы көлінде түнде ауа райы қолайсыз болды, жаңбыр, қар жауып, қатты жел соқты", – деп хабарлады Республикалық жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметі.

Сағат 10:45-те кезекті ауыстыру үшін 10 адамнан тұратын топ келіп, сағат 11:15-те Ғарыш станциясы маңында іздеу жұмыстарын жалғастырған.

Құтқарушылар екі топқа бөлініп іздеген: бірі Аюсай шатқалы бағытында, екіншісі Проходное шатқалы бағытында. Іздеу жұмыстары кезінде қар, жаңбыр жауып, тұман түсіп, ауа райы қолайсыз болған.

Сағат 15.48-де ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқару бөлімшесінің бастығы Бауыржан Арыстанбаев спутник арқылы Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мен Алматы қаласы әкімдігінің құтқару қызметінің құтқарушылары Аюсай шатқалындағы бірінші сарқыраманың жанынан туристтің денесін тапқанын хабарлады.

21 мамырда аустралиялық турист Үлкен Алматы көліне қарай кетіп, байланысқа шықпаған. Шетел азаматының жоғалып кету фактісі бойынша Алматы полициясы іс қозғады.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста