Алматы зообағында кішкентай керік дүниеге келді

Алматы зообағында кішкентай керік дүниеге келді

 Алматы хайуанаттар бағында керіктің баласы дүниеге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жануар 23 тамыз күні туылғанымен, оны көпшілікке бір ай өтпей көрсетуге тыйым салынған.

Хайуанаттар бағының "жаңа тұрғынының" ата-анасы - Хан және Сұлу атты керіктер. Хан - бақтағы керіктердің ұрпақ өрбітуіне себепкер "әке". Хайуанаттар бағының тарихында мұнда барлығы 10 керік туылған.

Жаңа туған керік баласының салмағы 100 келіге жуықтайды, бойының ұзындығы - 1,5 метр. Бақтың тұяқтылар жөніндегі меңгерушісі Балабек Махатовтың айтуынша, керік еш қиындықсыз, аман-есен дүниеге келген. Оған әлі ат қойылған жоқ, Алматы хайуанаттар бағы керікке ең әдемі есім беру үшін қала тұрғындары арасында тағы да байқау жарияламақ.

Айта кетейік, бір жылдан астам уақыт бұрын Алматыда Алатау есімді керік туылған еді. Оның есімі мекеменің ресми сайтындағы және әлеуметтік желідегі дауыс берудің нәтижесінде қойылды.

Еске сала кетейік, Алматы хайуанаттар бағы "Менің биязы да нәзік жануарым" атты жобаны іске асырып жатыр. Оның қатысушылары бақтағы аңдарға қамқоршы бола алады. Жоба шартына сәйкес, ол адам хайуанаттар бағына келіп, өзінің сүйікті аңына тамақ бере алады, оның күнкөрісін бақылап тұра алады, ол үшін қатысушы тиісті қаражат аударуы тиіс. Ең қымбат жануар - піл, оған қамқоршылық жасау үшін 400 мың теңге төлеу қажет. Хайуанаттар бағында емен жаңғағын қабылдау жөнінде де акция басталды. Қатысушылар бір шелек емен жаңғағын жинап, бұл істі жалғастыруды келесі адамға табыс етуі керек, акцияға қатысушыларға хайуанаттар бағына тегін билет беріледі. Айта кетейік, емен жаңғағы тұяқты хайуандарға қорек болады.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста