Алматыда 19 жастағы қыз түнде жұмыстан шығып үйіне оралмаған
Алматыда 19 жасар қыз жоғалып кетті. Толық аты-жөні - Әділова Айжан Ерланқызы, туған жылы - 6 тамыз 2001 жыл, деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.
2021 жылдың 19 наурызында сағат 20.48-де бойжеткен Қонаев көшесі 43 мекен-жайы бойынша жұмыстан шыққанын соңғы рет бақылау камералары тіркеген. Бірақ үйіне оралмаған. Оның үстінде қара куртка, кең қара джинсы, басында қара берет бар. Қолына қызғылт сөмке ұстаған.
Жоғалған қыздың туыстары қаланың жанашыр тұрғындарынан әлеуметтік желілерде ақпаратпен бөлісуді сұрайды және кез келген ақпарат пайда болған жағдайда 8 (747) 144 41 10 (Алтынай) нөміріне хабарласуын өтінеді.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу