Алматыда 6 жыл бұрын дүниеге келген төртем биыл мектеп табалдырығын аттамақ

Алматыда 6 жыл бұрын дүниеге келген төртем биыл мектеп табалдырығын аттамақ

Алматыда 6 жыл бұрын дүниеге келген төртем биыл мектеп табалдырығын аттамақ. Қай мектепке баратынын шешіп қойған ата-анасы балалардың оқуын қадағалау, апарып-алып келу жағынан қиналуымыз мүмкін дейді. Алғашқы оқу маусымының басталуын асыға күтіп отырған шаңыраққа тілшіміз бас сұғып қайтты. - Сабақты беске оқимыз, бір-бірімізге көмектесеміз.
Бір-бірінен аумайтын Гүлайша, Бегайша, Нұрайша және Жанайшаның оқу құралдарын реттеп, алғашқы оқу жылына дайындалуы ерекше. Тіпті "Абай" порталы арнайы табыстаған сөмкелерін арқаларынан тастамайды. Дәптерге аты-жөндерін жүгірте жазған төртемнің оқуға деген ынта-жігері бөлек көрінді. Отбасындағы алты қыздың әкесі болса, балаларды сабаққа апарып-келу жайын қазірден ойластырып жүр екен.
ЕСЕНТАЙ ҚАПАР, Төртемнің әкесі:

- Көріп отырсыздар, мектепке дайындап жатырмыз. Сабақ басталсын. Апасы келіп көмектесемін деп отыр. Ол кісі жасы үлкен кісі.
4 Айшаны әкесі болашақ мектептеріне алып барды. Оқу ордасының ауласы мен сынып бөлмесінің аурасымен танысқан төртем таңдаған орындарына жайғаса кетті. Мектеп әкімшілігі де төртемді қуана қабылдап отыр. ГҮЛЖАН ДЕЛЕГЕЕВА, №137 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:/> - Енді төртем, егіздерде ойлау қабілеттері, еске сақтау қабілеттері жақсы болып келеді. Сондықтан биылғы келіп отырған төртемнен үлкен үміт күтеміз.
Қыздарының болашағынан әке-шешесі де үмітті. Бір баланы бағып-қағудың қиындығын төрт есе артық орындаған отбасы бүлдіршіндердің көрсетер қызығы мен қуанышы да еселене түссе екен деп тілейді. 

31.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста