Алматыда аурухана қүзетшісі "мас күйінде" видеоға түсіп қалған
Әлеуметтік желіде Алматыдағы аурухананың бірінде түсірілген “мас күзетшінің” видеосы жарияланды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы мәселені түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алматылық әйел ішімдікке мас аурухана күзетшісін видеоға түсіріп, желіге жүктеген.
"Фтизиопульмонология орталығы, Алматы қаласы, 2-бақылау пункті. Күзетші күндізгі сағат 14.00-де мас күйінде жұмыста отыр. Анамды алып кету үшін қабылдау бөлмесіне машинаны жіберу туралы сұрайын дегенмін, жауап ала алмадым", - деп шағымданды әйел.
Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі бұл жағдайға түсініктеме берді.
“Дегдар 45 мекен-жайындағы ғимаратқа күзет қызметін көрсету арнайы байқау нәтижесі бойынша “Қос Нарын” компаниясының құзіреттілігіне берілген. Олар ағымдағы жылдың бірінші сәуірінен бастап, қызмет көрсетіп келеді. Біз қызмет көрсетудің бұзылуы туралы арыз түсірдік. Бұл мәселемен сот айналысады”, – деп хабарлайды қалалық денсаулық сақтау басқармасы.