Алматыда боулинг, караоке және мейрамхана залдарын ашу қарастырылуда

Алматыда боулинг, караоке және мейрамхана залдарын ашу қарастырылуда

Алматыда боулинг, караоке және банкет залдары ашылуы мүмкін. Бұл туралы Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов КБР алаңында өткен онлайн-брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның сөзіне қарағанда, өткен отырыстың қорытындысы бойынша вице-премьер-министр Ералы Тоғжанов бас санитарлық дәрігер Ерлан Қиясовқа бизнестің санитарлық талаптар бойынша бастамаларын және караоке-залдарды, фудкорттарды, боулингтерді, мектеп асханаларын, банкет залдарын, балалар ойын-сауық орталықтарын ашу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

 "Ол цифрлық мониторингті қолдана отырып, Алматыда пилоттық жоба идеясын қолдады.Бұл санитарлық талаптардың толық өзін-өзі реттеуге көшуін қадағалайтын бейнекамералар орнату", - деді Қошмамбетов.

Айтуар Қошмамбетовтің айтуынша, жобаны жүзеге асыруға жаңа жылдық мерекелерден кейін кірісуге болады. 

Еске салайық, Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирустың таралуын болдырмау шаралары туралы жаңа жарлыққа қол қойды.

Бекшиннің жарлығында адамдар көп жиналатын орындарда спорттық шаралар, көрмелер, форумдар мен отбасылық іс-шараларды өткізуге тыйым салу туралы айтылған. Сондай-ақ, Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері кейбір жаңа жылдық іс-шараларға тыйым салу туралы шешім қабылдады.

"25 желтоқсаннан 5 қаңтарға дейін барлық ұйымдар мен мекемелерде жаңа жылдық іс-шаралар өткізуге, сондай-ақ агенттіктердің аниматорларды үйге шақыруына тыйым салынады, яғни Аяз ата, Ақшақар және басқалардың жаңа жылдық кейіпкерлер тапсырыс алмайды", - делінген жарлықта.

Stan.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста