Алматыда ғылыми қызметкерлер жұмыс істейтін ғимараттың жағдайы адам шошырлық күйде

Алматыда ғылыми қызметкерлер жұмыс істейтін ғимараттың жағдайы адам шошырлық күйде

Алматыда ғылыми қызметкерлер жұмыс істейтін ғимараттың жағдайы адам шошырлық күйде. Бұл туралы Меруерт Салықова есімді Instagram қолданушысы өз парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Аzattyq Ruhy.

 
Желі қолданушысы Алматыдағы Д.А.Қонаев атындағы тау-кен істері институтының іші мен сыртқы көрінісін видеоға түсіріп, ғимараттың шұғыл түрде күрделі жөндеуді қажет ететінін көрсеткен.

«Мұндай дәретханалар қазір тіпті ауылдарда да жоқ! Алғашқыда мен бұл ғимаратты студенттерге арналған институт деп ойладым, сондықтан студенттерге ашуландым. Содан кейін ондағылар бұл оқу орны еместігін айтты. Бұл мекеме ғылыми-зерттеу институты, мұнда академиктер мен профессорлар жұмыс істейді екен. Ғимараттың сырты да, іші де күрделі жөндеуді талап етеді. Осында жұмыс істейтін қызметкердің айтуынша, олардың басшысы талай мәрте бұл мәселені көтерген. Алайда ешкім көңіл бөлмей отыр», - дейді видео авторы.
Меруерт Салықова өз видеосында академик ғалымдар үшін дұрыс жағдай жасалмағанына уәжін білдірген.

«Неліктен академиктер мен профессорларға құрмет көрсетілмейді? Неліктен олар мұндай жағдайда жұмыс істеуі тиіс? Әлде бізге профессорлар керек емес пе? Бізге керегі блогерлер, шенеуніктер мен бизнесмендер ме?», - дейді автор өз видеосында.
Сондай-ақ, дәлізде тұрған ескі орындықтардың әбден тозығы жеткенін байқауға болады. Ал мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың портреті кіреберісте емес, күзетшінің бөлмесінде ілулі тұр. Сонымен қатар, ғимараттың төбесінде жазылған институттың атауы да кеңес заманынан қалған күйі тұр.

Айта кетейік, Д. А. Қонаев атындағы тау-кен ісі институты — Қазақстанның ғылыми мекемесі, пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеу саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулермен айналысады. Мекеме Қазақстан Республикасының минералдық шикізатын кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығының құрамына кіреді. 1944 жылы құрылған институттың бүгінгі құрамында 16 ғылыми лаборатория, конструкторлық-жобалау, патентті-ақпараттық бөлім, ғылыми-техникалық әзірлемелерді автоматтандыратын, оқу-әдістемелік бөлім мен қоғамдық тамақтандыру орындары бар. Сондай-ақ, аталған институт Қазақстан мен Орталық Азиядағы ірі ғылыми-зерттеу орталықтарының бірі саналады.

Бұл мәселеге қатысты Azattуq Ruhy тілшісі Индустрия және инновациялық даму министрлігіне хат жолдады. Ғимаратқа жөндеу жұмыстары жүргізіле ме, жоқ па алдағы уақытта хабарлайтын боламыз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста