Алматыда шетелдіктерден 800 доллар алған такси жүргізушісі сотталды

Алматыда шетелдіктерден 800 доллар алған такси жүргізушісі сотталды

Алматы қаласы Әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қоғамдық орындардағы мазалау фактісі (ҚР ӘҚ Кодексі 449 бабы, 2 бөлігі) бойынша такси жүргізушісіне қатысты сот процесі аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 
Сот қаулысы бойынша, такси жүргізушісі әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін және оның қайталануының алдын алу мақсатында кінәлі деп танылып, оған 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды.

Сот такси жүргізушісінің бұрын ҚР ӘҚ Кодексінің 449-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын анықтады. Ол 2023 жылы 21 мамырда Алматы қаласындағы халықаралық әуежайдың аумағында қоғамдық тәртіпті бұза отырып, Үндістан азаматына тасымалдау қызметтерін көрсету мақсатында мазасын алған.

«Сот отырысында М. жасалған құқық бұзушылықтың мән-жайын растап, кінәсін мойындады және жасаған кінәсіне өкінетінін мәлімдеді. Сот әкімшілік жазаның түрі мен мөлшерін айқындау кезінде әдептілік қағидаларын елемеу, айналасындағыларға құрметсіздік таныту, жол берілмейтін іс-әрекет, яғни азаматтардың мазасын алу секілді куәландырылған құқық бұзушылықтың нақты мән-жайларын назарға алды», - делінген сот хабарламасында.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, 24 мамырда Алматыда Үндістан азаматтарын 800 доллар беруге мәжбүрлеген такси жүргізушісі қылмыстық жауапкершілікке тартылған болатын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста