Алматыда теміржол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған семинар өз жұмысын бастады

Алматыда теміржол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған семинар өз жұмысын бастады

Алматыда теміржол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған семинар өз жұмысын бастады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл семинарға Балтық жағалауы, Финляндия және ТМД-ға мүше елдердің темір жол әкімшіліктерінің өкілдері де қатысуда. Семинарға қатысушылар темір жолдағы қауіпсіздікті сақтау, қауіп-қатерлерді анықтау және жою бойынша өзара тәжірибе алмасады, сондай-ақ терроризмге қарсы әрекет ету жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысын өткізеді.

"Тұрақты түрде дамып және жетіліп отыратын теміржол көлігі саласынындағы басты басымдықтардың бірі - қозғалыс қауіпсіздігі. "Кеңістік 1520" желісіндегі жолдарда, соның ішінде "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына қарасты теміржол тораптарында жүктерді тексеруден өткізудің, рұқсат етілмеген және қауіпті жүктерді тасымалдауды бақылаудың, сканерлеу мен бейнебақылау және вокзалдарды күзетудің жаңа жүйелері қолданысқа енгізілмек", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, хабарламада ықтималды қауіп-қатерлерді анықтау және оларды болдырмау жолдары мен тәсілдері жаңару үстінде екені айтылған. "Темір жолдар мен теміржол нысандарында антитеррорлық іс-шаралар, арнайы топтарды оқыту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметі мамандарының пойыздарды қозғалыс барысында күзетуі тұрақты түрде жүргізілуде", - дейді мамандар.

Халықаралық семинар барысында темір жол әкімшіліктерінің өкілдері қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи тәсілдеріне тоқталып, өз тәжірибелерімен де бөлісті. Белоруссия темір жолының Жалпытехникалық қызметінің бастығы Игорь Андросов БТЖ-да және кешен нысандарында орнатылған бейнебақылау жүйелері мен Минск қаласында өткен хоккейден Әлем чемпионатында инфрақұрылымдарда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында атқарылған шаралар туралы әңгімелеп берді. "Қазіргі кезде теңгерімді және батыл стратегия қабылдауды талап етіп отырған өзекті мәселелердің бірі – қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Бұл мәселені тиімді шешу үшін мүдделі тараптардың диалогы, мамандардың өзара тәжірибе алмасуы, өзара талқылаулар жүргізу қажет. Халықаралық қатынастарды белсенді етпей, бұған қол жеткізу мүмкін емес" – дейді "ҚТЖ" ҰК" АҚ – "Алматы жол бөлімі" филиалының директоры Съезбек Әлішев.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста