Алматыда тез дайындалатын тағамдар сататын дәмханалардың үстінен түскен шағым көп

Алматыда тез дайындалатын тағамдар сататын дәмханалардың үстінен түскен шағым көп

Алматы базарларында орналасқан қоғамдық тамақтандыру нысандары санитарлық нормаларды сақтамайды және олар дайындайтын тағамдардың сапасы сын көтермейді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы бүгін Көкбазар маңында орналасқан дәмханаларға қоғамдық тексеру шарасын жүргізген Қазақстан коммунистік халық партиясы жастар ұйымының төрағасы Азамат Құрманғалиев мәлімдеді.

Оның айтуынша соңғы екі ай ішінде қала тұрғындары тарапынан партияның қоғамдық қабылдау бөліміне 23 шағым келіп түсіпті.

«Тұрғындарды әсіресе тез дайындалатын тағамдардың сапасыздығы қатты қынжылтады. Шағымданғандардың көбісі соларды жеп уланып қалған. Сондықтан, біз бүгін халық көп келетін Көкбазарға келіп, осында дөнер, самса, хот-дог, гамбургер және басқа да тез дайындалатын тағамдар сататын дәмханалар мен кәуіпханаларға тексеру жүргізіп жатырмыз. Біз бұл мәселе жөнінде алдымен тиісті органдарға хат жолдағанбыз. Бірақ, олар алдымен санитарлық талаптарды орындамайтын сауда нүктелірін аралап, ескерту жасап шығуымызды сұрады. Біз алдағы аптада тағы да рейдке шығатын боламыз. Ескертулерді елең қылмаған дәмханалар туралы тиісті органдарға хабарлайтын боламыз. Мұндай дәмханалар әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады» - деді А. Құрманғалиев.

Осылайша, Коммунистік партияның Жастар қанатының мүшелері Көкбазар маңында орналасқан бірнеше қоғамдық тамақтандыру орындарын аралап, санитарлық нормаларды сақтамай жұмыс істеп жатқан сатушыларға ескерту жасап шықты. Тексеру қорытындысы «Алматы қаласының Санитарлық-Эпидемиялогиялық Сараптама орталығы» мекемесі мен қалалық ІІД-не жеткізілетін болады.

ҚазАқпарат

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста