Алматыдағы "Көктөбе" арқан жолы ашылды

Алматыдағы "Көктөбе" арқан жолы ашылды

Көктөбедегі аспалы жол ресми түрде бүгін, 4 наурызда ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі. Еске сала кетейік, аспалы жолдың ашылу мерзімі бірнеше рет кейінге қалдырылған болатын. Сонымен қатар, бүгін жан-жақты көруге арналған айналмалы дөңгелек (колесо обозрения) іске қосылды.

Аспалы жолмен жүру ақысы бұрынғыдай - екі жаққа 2000 теңге. Ал жаңа аттракционға қатысты айтатын болсақ, оның билеті 1000 теңге тұрады. Айта кетейік, аспалы жолдың ашылуына Алматы әкімі Бауыржан Байбек келді.


Аспалы жолдың ұзындығы - 1620,3 метр, үстінгі және төменгі станциялар биіктігінің айырмасы - 250 метр. Аспалы жолмен жүру жылдамдығы секундына 0,5-тен 6 метрге дейін жетеді. Барлығы 17 кабина жүреді, олардың әрқайсысына 8 адамнан сыйады. Бір сағатта 750 адамды тасымалдауға болады.

 

© Роза Есенқұлова


Бұған дейін Көктөбеге апаратын аспалы жолдың жөндеуге жабылғаны хабарланған болатын. Көктөбедегі аспалы жол соңғы рет он жыл бұрын жаңартылған. Көктөбе саябағы басшыларының айтуынша, ол техникалық талаптарға жауап бергенімен ескірді деп саналады.

Көктөбеге дейінгі аспалы жол құрылғыларының барлығы Франциядан әкелінгені белгілі. Бастапқыда аспалы жол 2015 жылдың маусымында пайдалануға беріледі деп хабарланды, алайда кейін оның шілдеде ашылатыны белгілі болды. Кейін бұл мерзімнің шегерілуіне топырақтың жұмсақ болуы сеп екені анықталды, оны нығайту үшін бірқатар уақыт кетті. Кейін оның ашылу мерзімі 2016 жылдың жазына қалдырылғаны хабарланып, кейін Наурызға қарай ашылатыны айтылды. Осыдан кейін Қазиев кабиналардың ресми түрде 2016 жылы 4 наурызда іске қосылатынын мәлімдеді.
 kaz.tengrinews.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста