Алматылық онколог сүт безі обыры қатерін төмендету жолдарымен бөлісті

Алматылық онколог сүт безі обыры қатерін төмендету жолдарымен бөлісті

№16 Қалалық емхананың онколог маманы Дария Әбдіғалиева сүт безі обырының пайда болу себептері туралы айтты.
Статистикаға сәйкес, сүт безі обыры (СБО) – әйелдер арасында ең көп таралған онкологиялық ауру. Алматы қаласы бойынша сүт безі обыры қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім арасында 4-орында тұр.
Жыл сайын қалада 700-ге жуық әйелден сүт безі обыры анықталады. Яғни, күн сайын қалада екі әйелден осы патология табылады табылады деген сөз.
«Сүт безі обырының нақты бір себептен пайда болмайтыны белгілі. Оған дерт қаупін арттыратын түрлі факторлар кешені әсер етеді. Осы факторлардың барлығын бақыланатын және бақыланбайтын деп екі топқа бөлуге болды», - дейді Дария Әбдіғалиева.
Маманның айтуынша, жас және тұқым қуалау факторы бақыланбайтын топқа жатады. Сүт безі обырына әкеп соқтыратын себептердің шамамен 10%-ы генетикалық өзгерістерден тұрады.
Бұл ауру негізінен өмір салты, репродуктивті мінез-құлық факторларына және біз өзіміз басқара алатын кейбір басқа факторларға байланысты туындайды. Мысалы, сүт безі обырының көбеюі мен көп қимылдамау, фаст-фуд пен алкогольді шектен тыс пайдалану арасында тікелей байланыс бар.
«Ағзадағы зат алмасу процесі – бүгінде медицинадағы ең үлкен проблемалардың бірі. Етеккірдің ерте басталуы, сондай-ақ оның кеш тоқтауы да сүт безі обыры қаупін екі есе арттырады. Ауруды қоздыратын гинекологиялық аурулар, атап айтқанда миома, эндометриоз, аденомиоз, қант диабеті, гипотиреоз, сүт безінің қатерсіз ісіктері, бала таппаған немесе босанғаннан кейін бала емізбеген әйелдерде сүт безі қатерлі ісігінің пайда болу қаупі 1,5 есе жоғары. Сонымен қатар, түсік те обырдың пайда болу қаупін арттырады», - дейді дәрігер.
Онколог сүт безі обырының алдын алуға көмнктесетін берден-бір шара - ерте диагностика екенін ескертті.
Ескертетін жайт, онкологиялық скринингтер МӘМС пакеті шеңберінде жүргізіледі.
«МСҚ Алматы қаласы бойынша онкоскринингтерге биыл 1,9 млрд теңгеден астам қаржы бөлді. Оның 1,2 млрд теңгесі сүт безі обырын тексеруге жұмсалмақ», – деп атап өтті МСҚ Алматы филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев.
«18-20 жастан бастап әрбір қыз бала өз организмін бақылап, үнемі профилактикалық тексерулерден өтіп отыруы керек», – дейді Дария Әбдіғалиева.
Айтуынша, ең қарапайым тәсілдің бірі – сүт бездерін өз бетінше тексеру. Оны айына бір рет, бір күнді белгілеп жасау керек. Негізінен етеккір кеткеннен кейін бірнеше күн ішінде жасаған дұрыс. Кеудедегі кез-келген өзгеріс, омыраудан сұйықтық ағу, омырау ұшы пішінінің өзгеруі, терісінің қызаруы, тартылуы сияқты кез-келген белгілер пайда болған жағдайда дәрігермен кеңесу керек.
«Біздің әйелдерге еш жерім ауырмаса дәрігерге барып қайтемін, УДЗ немесе маммографиядан өтудің қажеті жоқ деген стереотиптен арылатын уақыт жетті», - деп қорытты онколог.

Естеріңізге сала кетсек, егер сүт безі обыры бастапқы сатыларда анықталса, заманауи әдістерімен толық емдеп-жазуға болады.
Өміріңіз - өз қолыңызда!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста