Алматылықтар Абай облысына гуманитарлық көмек жинап жатыр
Волонтерлердің фронт-офисінде қажетті заттар мен өнімдерді қабылдау жұмыстары басталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Әзірге зардап шеккендерге және құтқару қызметінің жұмысшылары мен жергілікті тұрғындарға азық-түлік пен гигиена құралдары, көрпе, жастық, тыныс алу маскалары секілді ең қажетті заттар келіп жатыр.
Бұл бастамаға «Қазақстан Еріктілер лигасы», «Медицина жастары» секілді волонтерлер ұйымы ұйытқы болып отыр.
Қажетті заттарды қабылдау жұмыстары бір апта жүргізіледі. Егер одан кейін де көмек көрсетем деушілер болса жұмысты жалғастыра береміз, - дейді еріктілер.
Зере Мақсұтхан, волонтёр:
- Бұл көмек Абай облысындағы зардап шеккен халыққа арналған. Гигиеналық құралдарды, құрғақ тамақтарды және балаларға арналған гигиеналық құралдарды, онымен бөлек адамдарға тұруға арналған палаткаларды, жатын мешоктарды жинап жатырмыз.