Алматыны Қапшағай су қоймасы сақтап қалды

Алматыны Қапшағай  су қоймасы сақтап қалды

Қапшағай су қоймасы Алматыда ірі жер сілкінісіне тосқауыл болды. Бұл туралы Tengrinews.kz сайтына берген сұхбатында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті биофизика кафедрасының меңгерушісі Виктор Инюшин айтты.
Оның сөзіне қарағанда, Қапшағай су қоймасы дең­гейінің қарқынды түрде толуы, ең бірінші, оның платформасына үлкен әсер етуде. Бұдан бөлек, судың астыңғы бөлігінің бетіне шығуы да қысымның пайда болуына себеп болды. Осылайша мезгілсіз техногенді жер сілкінісі байқалды. «Жер сілкіністері (5-6 балдық) Мысыр, Дағыстан және басқа да елдерде сезілді. Мұндай жер сілкіністері 8-9 балдық магнитудадағы жер сілкіністерін азайтады», – дейді маман. Оның айтуынша, су қоймалары бізді ірі және апатты жер сіл­кіністерінен қорғайды. Естеріңізге сала кетейік, өткен тәуліктерде Алматы мен Алматы облысында бірінен соң бірі 10 жер сілкінісі тіркелді. Еуропалық сейсмоло­гия­лық орталықтың мамандары жерасты дүмпулерінің картасын құрап шықты. Орталықтың мәліметінше, барлық жерасты сілкіністері Алматының солтүстік-шығыс бөлігінде тіркелген. Оның ішінде екі жер сілкінісінің орталығы – Қапшағай су қоймасы болып табылады. Олардың магнитудалары 4,9 және 4,7 балды, ал су қойманың маңындағы екі жер сілкінісінің магнитудасы 4,0 және 4,2 балдарды құрады. Сонымен бірге үш жерасты дүмпуі Маловодное ауылының сол­түстігінде сезілді. Ең қуатты жер сілкінісі 1 мамыр күні таң­ғы сағат 08.31-де байқалды. Айта кету керек, елі­міз­дің Төтенше жағдайлар министрлігі алдағы уақытта да төменгі балды жерасты дүмпулерінің болатынын жоқ­қа шығармайды. Министрлік бұл ретте тұрғын­дар­дың дүрлігуінің еш реті жоқ дегенді айтады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста