Алматының радиациялық жағдайы тұрақты

Алматының радиациялық  жағдайы тұрақты

Былтыр радиациялық апаттар мен кәсіби аурулар тіркелген жоқ. Әртүрлі сәуле көздерін пайдаланатын бақылаудағы 287 радиациялық-қауіпті нысанның радиациялық ахуалын жақсарту бойынша шаралар уақытында ұйымдастырылған. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті мамандары хабарлайды. 
2012 жылы Алматы қаласының сани­та­риялық қызметінің мамандары ҚР «Тұр­ғындардың радиациялық қауіпсіздігі тура­лы» Заңын жүзеге асыру барысында ны­сан­дардың қоршаған ортасына 576 885-ден аса дозиметрлік өлшеу және 5561 радиологиялық зерттеу жүргізіпті. Осындай зерттеулер сынамаларында радиациялық ластану фактілері тіркел­меген. Осы сала мамандарының айтуын­ша, еліміздің нор­мативтік-құқықтық акті­леріне сәйкес, радиоак­тивтік қалдық­­тар­дың уақтылы көмілуі бақылауға алынған. 2012 жылы радиоактивті қалдықтар көз­інің төртеуі көмілген. Рентген-диаг­ностикалық аппарат­тардың кезең-кезең­мен ауыстырылуы бақылауға алынған болатын. Өткен жылы қа­ла­ның медици­налық ұйымдары 11 рент­ген-диагности­калық аппаратын және алты  флюроаппаратын ауыстырғанын айта кеткен жөн.
Алматы қаласының радиациялық жағдайы тұрақты қалыпта сақталып, қала аумағының табиғи гаммафоны 0,14 - 0,17 микроЗивер/сағатты құрады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста