«AMANAT» партиясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы ынтымақтастық туралы уағдаласты

«AMANAT» партиясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы ынтымақтастық туралы уағдаласты

«AMANAT» партиясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту үшін бірлесіп жұмыс істеуге ниетті. Соған сай ынтымақтастық туралы меморандумға бүгін «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев пен Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 
«AMANAT»-тың Атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев партия әрқашан әділдік, жауапкершілік, еңбекқорлық және отбасы мұратына адалдық сияқты ортақ мызғымас құндылықтарды нығайтуды жақтайтынын мәлімдеді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, татулық пен келісім тек мемлекеттік саясатта емес, қоғамда, үйде, ұжымда, жалпы, барлық жерде дәріптелуі қажет. «AMANAT» парламенттік көпшілік дауысқа ие және барлық деңгейдегі мәслихаттардағы орындардың 76,9%-ын иеленген партия ретінде, дәстүрлі ахлақ қағидаларын ілгерілету, мемлекеттік тілді дамыту, әйел құқығын қорғауды қолдау үшін әлеуеті жеткілікті. Өткен тоғыз айда елімізде бұрын-соңды болмаған түбегейлі саяси реформалар жүргізіліп, Әділетті Қазақстанды құрудың іргетас қаланды. Халықтың бірлігі мен қоғамдық келісім еліміздің өркендеуінің шешуші шарты екеніне сенімдімін», - деді ол.
Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов бүгінде ҚХА-ның негізгі міндеті – ХХХІІ сессия шешімдерінің тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету екенін атап өтті.

«Барлығымызды біріктіретін ортақ құндылықтарды, идеяларды насихаттауымыз керек. Еліміздегі саяси партиялардың дамуы, үлкен электоралды үрдістің орын алуы, жаңа Мәжіліс пен мәслихаттардың жасақталуы – саяси реформалардың бір бейнесі. «AMANAT» партиясы – негізгі саяси күш. Біз бұған дейін де партиямен тығыз жұмыс істедік, бірлескен жұмысты әрі қарай да жалғастырамыз», - деді ол.
Меморандум патриоттық құндылықтарды қалыптастыруға және Қазақстан халқының дәстүрлерін сақтауға бағытталған бірлескен қоғамдық, мәдени-бұқаралық және ғылыми-тәжірибелік іс-шараларды өткізуді көздейді. Тараптар сондай-ақ, халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға және қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті дамытуға бағытталған бірлескен диалог алаңдарын ұйымдастыру туралы уағдаласты.

Айта кетейік, партия сайлауалды бағдарламасы аясында театрлар, кітапханалар, коммуникациялық, білім беру және демалыс орталықтарын қоса алғанда, еліміз бойынша жыл сайын үш жүз мәдениет нысанының құрылысы мен жаңғыртылуын қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, мәдениет, мұрағат және кітапхана қызметкерлерінің жалақысы екі есеге артады.

Еске сала кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты ХХХІІ сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлт бірлігін нығайту және этносаралық қатынастарды үйлестіру жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі аспектілеріне тоқталған бағдарламалық сөз сөйледі.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста