Әнші әжелер алғашқы сыннан сүрінбей өтті

Әнші әжелер алғашқы сыннан сүрінбей өтті

«Евровидение-2012» байқауының жартылай финалының қорытындысы бойынша «Бураново әжелері» тобы келесі кезеңге сәтті өтті. Кеше өнер көрсет­кен­дердің арасынан Ресеймен бірге финалға тағы тоғыз мемлекеттің сайыскерлері жолдама алды.
Әзірбайжан астанасында басталған халықаралық ән байқауын қазақстандық «Еларна» телеарнасы тіке­лей трансляциялады. Белгілі радиожүргізушілер Қал­ды­бек Жайсаңбай мен Нұрберген Махамбетов ком­ментатор болса, эфирдің сарапшы мейманы ретінде танымал продюсер Алуа Қонарова келді. Байқау биыл да посткеңестік кеңістік елдері өнер­паздарының тал­ғамы биік екенін көрсетті. Финляндия, Израиль, Чер­ногория, Латвия, Австрия сияқты елдердің әншілері талаптан шықпай қалды. Жартылай финалда барлығы 18 мем­лекеттің өнерпаздары бақ сынаса, оның 10-ы келесі кезеңге өтті. Олар: Исландия, Грекия, Албания, Румыния, Кипр, Дания, Ресей, Венгрия, Молдова және Ирландия. 14-інші болып сахнаға шыққан ресейлік әнші әжелер «сен тұр, мен атайындармен» бәсекелесе ала ма, әндерін сәтті орындап шыға ала ма деген қауіптің болғаны рас. Бірақ қариялардың әнді жанды дауыспен топ болып орындауында мін болмады және сахнада тамаша думан көрсете білді. Удмурт-ағылшын тіліндегі Party for Everybody («Баршаға арналған ду­ман») әні Баку бай­қауының ең сүйікті хитіне айнала бастады. Байқауға қатысты өз ойын білдірген Алуа Қонарова Қазақстан Еуропалық хабар тарату одағына мүше болса, отандық өнерпаздардың бұл байқауда тамаша үлгі көрсете алатынын айтты. «Біздің бұл салада әлеуетіміз жоғары. Егер байқауға қатысуға мүмкіндік туып жатса, қыз-жігіттеріміз ұлттық нақышта және қазақ тілінде өнер көрсететін болады», – деді ол. Алуа­ға бүгінге дейін қазақ­стандық әншілерді «Евро­ви­дениеге» өзге елдің атынан қатыстыру туралы ұсы­ныстар түскен екен. Бірақ продюсер даңқты байқауға еліміздің өзі қатысатын кезді күтуде. Естеріңізге салайық, Baku Crystal Hall-да бай­қаудың ақтық бәсекесі мамырдың 26-сы күні өтеді. Оған сахна қожайыны Әзірбайжан мен байқауды ұйым­дастырушы әйгілі бестік: Германия, Испания, Ұлы­бри­тания, Франция және Италия іріктеу кезеңінсіз қа­тысады. Жеңімпаз мемлекет 26 елдің арасынан таң­далады. Ақтық байқауды Лейла Әлиева, Эльдар Ғасымов және Нарғыз Бирк-Петерсен жүргізеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста