Анттың сөзі айтылған жерде қалмауы керек

Анттың сөзі айтылған жерде қалмауы керек

Астананың аспанында бұлбұл сайрап, әр жерінде ән-күй ойнап, Қала күні мерекесі бар сән-салтанатымен дуылдап, бұқара халықтың сейіл-серуені қызған шақта Ақорда жақта да атқа қонған мемлекеттік қызметкерлеріміздің саңқылдаған даусы шығып жатты. Кеше халыққа адал қызмет етуге серт берген мемлекеттік қызметкерлер Елбасының алдында ант қабылдады. Бұл ерекше сәтті естен кетпестей етіп қалдыру үшін әдейі Астана күні қарсаңына тоқайластырған тәрізді. Қуаныштың үстіне қуаныш жамалып жатқанын ескерген Президент Нұрсұлтан Назарбаев бұл күнді мемлекеттік қызметкерлер үшін ерекше салтанатты күн деп атап өтті.
Мемлекеттік қызмет – әр азамат үшін үлкен мәртебе. Жауапкершілігі нардың жүгіндей. Бірақ бұл қыз­метті мансаппен шатастыруға бол­майды. Елбасы ант қабыл­дау­шы­ларымызға мемлекеттік қызметкер қандай, міндеті не болуы керектігін, қысқасы, «әкім бол, халқыңа жақын бол» де­генді жадыңнан шығармау қажеттігін ескертті. «Мемлекеттік қыз­­метке біз жұмыс істеу үшін ша­қы­рамыз. Себебі халқымыз бізді өзіне жұмыс істеу үшін жалдайды. Сондықтан біз өзіміздің халықтың қызметшісі екенімізді ұмыт­пайық. Мансапқорлық көрсетпей, халық­қа жақын, әр істе әділ болып, әрбір адам­­ның мұң-мұқтажын қолдан кел­генше түсініп, оны дәл сол кезде орындай алмасаң да түсіндіріп, дұрыс жауап беріп, шығарып салу – біздің парызымыз. Сонда әкімші­лік те, мемлекеттік қызметкерлер де халыққа жақын болады», – дей­ді Президент.
Анттың сөзі айтылған жерде қалмауы ке­рек. Есіктен шыға естен шығаратын мем­лекеттік қызметкерден не қайыр?! Сон­дықтан да Нұрсұлтан Әбішұлы анттың сөзін әркім жүрегінде шүберектей түйіп ұстауы, жұмыс үстелінің үстінде, көзінің алдында жатуы қажеттігін ескертті.
Президент сондай-ақ мемлекеттік қыз­меткерлерді алда үлкен белестер күтіп тұр­ға­нын да жеткізді. Ол – Үдемелі индус­трия­лық-инновациялық даму бағ­дар­ла­ма­сын жү­зеге асыру. Бұл шаруада мем­ле­кеттік қызметкерлерге арқа сүйеп, есоларға сенім артылады. «Тәжірибелі үлкен буын, орта буын, мемлекеттік қызметке енді келіп жат­қан жас буын бар – барлықтарыңыз бір-бірлеріңізбен тәжірибе алмасып, са­бақ­тасып, елімізді алға қарай тарта бе­руі­міз керек», – деп Елбасы ант қа­был­дағандарға ізгі тілек тіледі.

                               Мансұр ХАМИТ (фото)

Ант қабылдағандар: бас прокурор Ас­хат Дауылбаев, Мемлекеттік қызмет іс­тері агенттігінің төрағасы Әлихан Бәй­ме­нов, сыртқы істер министрі Ержан Қа­зы­ха­нов, ішкі істері министрі Қал­мұхамбет Қа­сы­мов, ауыл шаруашылығы министрі Асыл­жан Мамытбеков, байланыс және ақ­па­рат министрі Асқар Жұмағалиев, білім жә­не ғылым министрі Бақытжан Жұ­ма­ғұ­лов, денсаулық сақтау министрі Салидат Қа­йырбекова, көлік және коммуникация ми­нистрі Берік Камалиев, ту­ризм және спорт ми­нистрі Талғат Ерме­гияев, ин­те­грация іс­тері министрі Жанар Айтжанова, «Сыр­бар» сырт­қы барлау қыз­метінің директоры Аман­жол Жан­құ­лиев, Ақмола облысының әкі­мі Сергей Дья­чен­ко, Алма­ты облысының әкі­мі Анзар Мұ­саханов, Жамбыл об­лы­сы­ның әкімі Қанат Бо­зымбаев.

Әлихан Бәйменов, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы:
– Бұл салада не болып, не қойып жат­қанынан ылғи хабардар болып отырдым, көптеген құжатты жасауға қатыстым, тұжырымды құжаттардың қа­былдауында да сарапшы болдым. Сондықтан да мемлекеттік қызмет жүйесінің әрі қарай дамуы үшін бар күш-жігерімді саламын. Жұмысымды бірінші кезекте терең талдаудан бастамақпын. Сол талдаудың негізінде тиісті заң­на­малық және тұғырнамалық әзірлеу ке­рек. Бұған дейін де көп іс атқарылған. Сол істі жаңа сапалық деңгейде жүргізу керек. Елбасы осы жұмысқа қоярда бір­неше нақты тапсырма жүктеді. Сол тапсырмаларды жүзеге асыру үшін, бі­рінші, қазіргі ахуалға дұрыс баға бе­рілуі қажет.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста