Ақсақ Темір қиратуға қимаған Cарайшықты су шайып барады

Ақсақ Темір қиратуға қимаған Cарайшықты су шайып барады

Алтын Орда дәуіріндегі үшінші астана – Сарайшық қаласының тарихи орны ерекше мекен. Ноғай Ордасы мен Қазақ хандығының бас қаласы Сарайшықтың ХІV-ХVІ ғасырлардағы саяси-экономикалық дамыған, ғылыми орталық болғаны тарихтан белгілі. Алайда өткеніміздің өркені, тарихтың көзі деп бағалауға тұратын осынау құңдылығымыз көз алдымызда құрдымға аттанған жайы бар.
Ақиқаты сол, заманында Шыңғыс ханның ұрпа­ғы Батый хан тамсанған, Ақсақ Темір қиратуға қи­­ма­­ған, Қасым хан астана қылған хан ордалы Са­рай­­шық шаһары бейбіт заманда жер бетінен жо­ға­­лып барады. Жылдар өте Жайық өзенінің арна­сы­ның ауытқуына байланысты судың асау ағысы көне қа­ланың тарихи-мәдени қабаттарын күн сайын дер­лік шайып кетіп жатыр.
1340 жылы белгілі саяхатшы Мауро түсірген кар­та­да Сарайшықтың көлемі 2000х600 метр болып бел­­гіленсе, бұл күнде Жайық мүжіген қаланың ау­ма­ғы 140х140х65 метр-ақ болып қалды. Оның өзін ежелгі қала табанының күнгей бетіндегі ескі қо­рым­дар мен өндірістік шеберханалар құрап отыр. Аспан ашық, ай жарықта бар байлығымыздан, құнды жә­ді­герімізден айырылып жатқанымыз, соған ешбір ша­ра қолданбағанымыз жаныңды сыздатпай қой­май­ды.
Осыдан үш жыл бұрын көне Сарайшық қала­сы­ның ахуалын айтып, жалпақ жұрт елең етерлік жа­найқайымызды жазғалы күні бүгінге дейін биік тақ­та отырған бір мырза бұған бас ауыртпады. Ал кө­не қала Сарайшыққа талай мәрте келіп жүрген ха­лық қалаулыларының жоғары жаққа «сөзі» өт­пей жатқаны да ащы шындық. Күні кеше ғана об­лы­сымызға іссапармен келген депутат Людмила Хо­чиеваның да Үкіметке жолдаған депутаттық сауа­лы­ның арты не болары белгісіз...
Ал біраз жылдан бері осы мәселе көкейінде жүр­ген жергілікті биліктің жалғыз өзіне көне қаланы сақ­тап қалу аса қиындық туғызатыны айтпаса да бел­гілі. Өйткені облыс бюджетіне көне қаланы сақ­тайтындай қаражат табу оңайға соқпайды. Сайып кел­генде, бұл мәселе республикалық деңгейде ше­шімін табуы қажет. Алты алаштың ордасы Сарайшық – тек Атырау аймағына ғана емес, елімізге ортақ та­ри­хи мекен.

Сарайшық: тарих тілінде
Біз Сарай (Алтын Орда астанасы – Сарай-Берке) қаласынан ат жеккен арбамен 10 күн жол жүріп, Сарайшық қаласына жеттік. Бұл «Ұлысу» деп аталған үлкен, терең, ағысы қатты өзеннің жағасындағы гүлденген әсем қала екен және дүниежүзіндегі Бағдаттан кейін екінші жүзбелі көпір осында екен.
Ибн-Батута, Сарайшық туралы алғаш дерек қалдырған араб географы, 1334 жыл.

«Сарайшық қаласын сақтап қалу үшін не істеу керек?» деген сауалға жауап із­десек, «Хан ордалы Сарайшық» кеше­нінің директоры Молдаш Бердімұратовтың «көне қала орнына тіреліп ағатын өзеннің жағасын бекіту қажет» деген пікірі көңілге қонымды көрінеді.
Қалай десек те, көне қалаға қатысты мәселені қазіргі күні шешпесек, ертеңгі күні өскелең ұрпақ алдында, тарих ал­дында тек қана кінәлі емес, сонымен бірге қиянатшыл, қылмыскер буын атанып ке­туіміз де кәдік-ау. Сенбесеңіз, су шайған шаһардағы ата-баба сүйектеріне қара­ңызшы. Төбе шашыңыз тік тұрып, құй­қа­ңыз шымырлап жөнелмей ме...
Ал бір кезде Ұлысу аталған Жайықтың улы су болмағаны керек...
* * *
Теңізден біркүндік сапарда үлкен өзен жағасындағы абад мекен Сарайшық деген қалаға келдік. Бұл қала орыс патшасымен онда Измаил деген татар князінің қол астында екен. Шығыс пен батысты бай­ланыстыратын керуен жолының үстінде болғандықтан, қолөнері мен саудасы да­мыған қала екен.
Антоний Дженкинсон, ағылшын көпесі, 1558 жыл.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста