Ақтауда әскери қызметкер қайықтан теңізге құлап кеткен баланы құтқарып қалды
Ақтауда серуендеу қайығына отырған бала теңізге құлап кетті. Оны әскери қызметкер құтқарып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Лада” басылымына сілтеме жасап.
Куәгерлердің айтуынша, балалардың бірі кеме бортынан тайып құлаған. Баланың анасы жүзе алатындардан көмек сұраған. Дәл осы сәтте жас жігіт суға секіріп кеткен.
Кейін белгілі болғандай, құтқарушы Теңіз жаяу әскерлерінің Әскери-теңіз күштерінің десанттық-шабуылдау батальонына қарасты 29011 әскери бөлімінің рота командирі Ағабек Мақұлбек болып шықты.
"Жас жігіт құтқару кеудешесін кимей, жедел түрде баланы құтқаруға асықты. Жан-жақтағы адамдар да балаға көмектесуге асықпаған. Құтқарушының айғайынан кейін ғана олар баланы шығарып алуғажәрдемдескен. Судың өте суық және терең болған. Құтқарушы баланы батып бара жатқан жерінен жұлып алды”, - делінген ақпаратта.
Ағабек Мақұлбек мұндай жағдайға бұрын жаттығу кезінде ғана тап болғанын, шынайы өмірлік жағдайда азаматтық борышын ойдағыдай атқара алғанына қуанышты екенін айтады.