Ақтауда мойнына жіп байланған өлі аққу табылды
Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы әлі түсініктеме берген жоқ
Ақтауда теңіз жағасында өлген аққу табылды. Аққуды жіппен қылқындырып өлтірген тәрізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап. 
Портал Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының оқиғаға байланысты түсініктемесін күтіп отыр.
«ЭкоМаңғыстау» үкіметтік емес мекемесінің басшысы Кирилл Осин бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді.
«Ақтауда жабайы жануарларға көмек көрсету орталығы жоқ. «Нэнси» ветеринарлық клиникасының жетекшісі Анна Простетованың арқасында құтқарылған ондаған жануар өз мекеніне оралды. Тағы бір жақсы жаңалық. Анна Анатольевна емдеген соң, аққу үйіріне аман-есен оралды. Енді қуанып жатыр едік, бүгін тағы бір аққу табылды. Мен адамдарға, балаларға, жасөспірімдерге не болғанын түсінбеймін. Бұл өте сұмдық жағдай», - дейді Кирилл Осин.