Ақтаулықтар көшедегі водовоздан су тасуға мәжбүр

Ақтаулықтар көшедегі водовоздан су тасуға мәжбүр

Ақтау қаласының тең жартысы 2 күннен бері ауызсусыз отыр. Себебі ауызсу құбырында апат шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қалада осының салдарынан 16-шағынауданнан 20-шағынауданға дейін, 30-шағынауданан 35-шағынауданға дейін, Шығыс-1, Шығыс-2, Шығыс-3 шағынаудандарында және 27-шағынауданның 5 тұрғын үйінде су жоқ.

"Екі күннен бері сусыз отырмыз. Неге тұғындар зардап шегуі тиіс? Біз неге 5 литрлік баклажкамен су тасуымыз керек? Үйде кішкентай балалар бар. Судың жоқтығы өте қиын болып тұр. Біз бұған дейін де ауызсудан тапшылық көріп келеміз. Түнгі сағат 12-де өшіріп, таңда қайта қосады. Ал 2 тәулік бойы су бермеу - бассыздық", - дейді 30-шағынауданның тұрғыны Жанна Қаражігітова.

"Каспий жылу, су арнасы" МКК директорының орынбасары Ислям Үсеновтың айтуынша, 35-шағынауданда диаметрі 710 миллиметр ауызсудың магистраль полиэтилен құбыры жарылған. Сондықтан бірнеше шағынауданға су беру уақытша тоқтатылды. Бұл құбыр автомобиль жолының астынан өтіп жатыр.

"Мекеме қызметкерлері құбырдың зақымдалған бөлігін мүмкіндігінше ертерек қалпына келтіруге тырысты. Түнімен жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қаладағы балабақша, мектеп, ауруханаларға су таситын көліктермен су жеткізіп отыр. Ал тұрғындарға шағынауданға коммуналдық қызмет көрсететін мекемелер су тасып жатыр. Қазір жөндеу жұмыстары аяқталды. Құбырды сумен толтыру жұмыстары жүргізіліп жатыр", - дейді "Каспий жылу, су арнасы" МКК директорының орынбасары Ислям Үсенов.

Ал автомобиль жолының астынан өтіп жатқан магистраль құбыр ескірген соң жарылмаған. Себебі мекеме өкілінің айтуынша, құбыр осыдан 7 жыл бұрын жаңартылған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста