Ақтөбе ауылдары абаттануда

Ақтөбе ауылдары абаттануда

Ақтөбе облысында елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары бойынша кең көлемді жастар акциясы жүріп жатыр. «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» атты марафонға қатысушылардың саны қазірдің өзінде жетпіс мыңнан асып кетті.

Қалаға жақын Алға ауданында бұл шараға жеті жүз оқушы қатысуда. Осы шараның арқасында Ақтөбе облысы күл-қоқыс пен тұрмыстық қалдықтардан тазарып қалды. Ал Қарғалы ауданының орталығы Бадамша ауылында тазалық марафоны мамыр айында басталып, әлі күнге дейін қарқынды жүріп жатыр. Көктем келісімен-ақ бос жатқан 860 шаршы метр жерге гүл егіп, аудан орталығын абаттандыруды қолға алған оқушылар өздері өсірген әр гүлге айрықша көңіл бөлеміз деп көпшілік алдында уәде берген болатын. Қазіргі таңда олар тек тазалық жұмыстарымен ғана емес, сонымен қатар гүлзарлар мен саябақтарды күтіп-баптауды да өз қолдарына алған. Алғашқы топ ауылдағы он көшені түгелдей тазалап шықты. Жұмыс тоғыз бағыт бойынша атқарылады. Оқушылар ауылды жерлердегі спорттық алаңдарды да қалпына келтіруге өз үлестерін қосып жатыр. Қазір марафонға қатысушылардың көбі отыз жылдан бері тазалау көрмеген саябаққа жұмылдырылған. Жылдар бойына күтімсіз қалған теректер мен қайыңдар әктеліп, қурап қалған ағаштардың орнына жас көшеттер егілуде. Бірлесе атқарылған іске ауыл қарттары да дән риза. Тек осы Қарғалы ауданының өзінде 812 жас марафонға қатысуға ниет білдірген. Әр топ төрт сағат жұмыс жасайды. Марафонға қатысушының әрқайсысына бес күндік еңбекақысы ретінде 3782 теңгеден ақша төленеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста