Ақтөбеде 26 адамнан шошқа тұмауы анықталды

Ақтөбеде 26 адамнан шошқа тұмауы анықталды

Ақтөбеде эпидемиологиялық кезеңде 26 адамнан А типі H1N1-pdm09 тұмауы, яғни, шошқа тұмауы анықталды. Өңірдегі эпидемиологиялық жағдай жайын Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен облыстық денсаулық сақтау басқармасы баяндады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 
Өткен жыл мен биыл барлығы 31 мынан астам адам ЖРВИ жұқтырып, ауырды. Оның тең жартысынан астамын 14 жасқа толмаған балалар құрайды. Бір жасқа дейінгі балалар саны мыңға жуық.

«Эпидемиологиялық кезеңнен бастап 2198 үлгі зерттелді. Оның 263 (11,97%) оң нәтиже көрсетті. Соның ішінде 237 (90,1%) жағдай тұмаудың В типі және 26 (9,9%) жағдайда А типі H1N1-pdm09, яғни, шошқа тұмауы екені анықталды. Тұмау емес вирусты анықтпу үшін (парагрипп, аденовирус, риновирус, МС вирусы) 291 үлгі зерттелді. Нәтижесінде 7 МС вирусы, 12 риновирус және 35 аденовирус тіркелді. ЖРВИ-мен ауырған 1620 адам ауруханаға жатқызылды»,-деді Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Сербаев.
Қазіргі уақытта Ақтөбе облысы жасыл аймақта. Биыл 7 науқастан СOVID-19 анықталды. Вирус көбіне 40 жастан асқан адамдарда арасында тіркелді.

«Өткен тәулікте тағы 5 жағдайы тіркелді. Жаңа оқу жылында, яғни, 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 6-қаңтарына дейін облыс бойынша мектептің екі мұғалімінен, 16 оқушыдан COVID-19 анықталды»,- деді Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Сербаев.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста