Ақтөбеде асфальтті сапасыз төсеп кеткендер он көшені өз қаражатына қайта төсейтін болды

Ақтөбеде асфальтті сапасыз төсеп кеткендер он көшені өз қаражатына қайта төсейтін болды

Жолдарды қайта салады. Ақтөбе әкімдігі осыдан үш жыл бұрын сапасыз асфальт төсеген мердігерлерді қайтадан жұмысқа жекпекші. Және жасаған жұмыстарына көк тиын да төлемейміз дейді. Барлығын жеке компания өз қажаратына жасауы тиіс. 

Әкімдік пен кәсіпкерлер неге соттасты? Шұрық-тесік жолды байқамаған шенеуніктер үш жыл бойы қайда қараған, деп хабарлайды Евразия бірінші арнасы.

Асфальт жылда атқарушы билік асфальт төсейтін мердігерлерге қазынадан қырауар қаражат бөледі. Жеке компаниялар тапсырысты орындау үшін асығыс-үсігіс жол төсейді. Мысалы, асфальты жаңартылған жолдың бірі-Сәңкібай батыр атындағы даңғыл. Алайда қазіргі тоз-тозы шыққан күйіне қарап айтпайсың.

"Молдағұлова былай қарай, салғанына 3 жылға жеткен жоқ. Өзіңіз көріп тұрсыз, жолдың жайын. Ана салатын ненің бәрін дұрыс салмайды. Төсемей тұрып тас салып, қыратын жерлерін жасау керек ғой, содан кейін прессовать ету керек", - дейді Бекс Жұмабисов.

Қуаныш Жұмағұлов болса, жолдың жайын құр айтып қоймай, әлеуметтік желіде қаланың әкімінің өзін рейд жасауға шақырған. Сөзі дәлелді болуы үшін қолынан өлшеу құралын тастамайды. Тыңдар құлақ болса, биліктегілерге айтатын кеңесі де бар.

«Көлікте де техпаспорт болады ғой. Сонда подшипник мысалы 80 мың жүргенен кейін ауыстыру керек, шаровый 30 мыңнан кейін ауыстыру керек деп тұр. Сол сияқты мында да тізімін жазып, қашан жол істелінді, капитальный ремонт. Сосын 3-4 жылдан кейін тексеру керек. XXI ғасырда тұрамыз ғой. Шетелде сондай технологиялар бар: жаңбыр ма, жел ма қарамайды. Соны алдыру керек. Жыл сайын мынадай проблема, айтуға сөз жоқ!», - деді көлік жүргізушісі Қуаныш Жұмағұлов.

Жол азабын тартқан жұрттың шағымынан шаршады ма, әкімдіктегілер жұмысын дұрыс атқармаған мердігерлерді ақыры сотқа сүйрепті. Олар әрі-бері олқылықтың бәрін аумақтың географиялық жағдайы мен ауа райына ысырғысы келгендерімен, түк шықпаған.

«Олар «Прогресс Констракшн» мен «Мега-РУД» компаниялары. 2018 жылы сотқа берген болатынбыз және сотта ұтып, ағымдағы жылы ауа райы жылынуына байланысты өз қаражаты есебінен жөндейтін болады», - деді қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің орынбасары Руслан Төреғали.

Екі компаниядан бөлек, қала билігі мердігер мекемелерге осындай он көшенің сапасыз төселген асфальт жамылғысын қалпына келтіруді міндеттеген. Жалпы, биыл ұзындығы 52 шақырым болатын жол жөнделеді екен.

Ақтөбенің жолдарының қандай күйде екенін көктемде аңғаруға болады. Жөндеу жұмыстарына деп жыл сайын қазынадан миллиардтаған теңгелер бөлінеді. Алайда, одан жақсарып кеткенін байқамадық. Биыл 4 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған. Енді оның қай мақсатқа, қалай жұмсалғанын көру үшін келесі көктемді күтуге тура келеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста