Ақтөбеде көше бойындағы әжетханадан жаңа туылған нәресте табылды
Ақтөбенің 41 жастағы тұрғыны Молдағали Орынбасаров көшедегі әжетханадан нәресте тауып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ер адам әжетхана есігін ашқан кезде қыз бала қалтаға оралып, шұңқырда жатқан екен. Молдағалидің айтуынша, ол ең алдымен "102" номеріне, кейін жедел жәрдем қызметіне хабарласқан. Дегенмен ол полицейлер мен дәрігерлер келгенге дейін шыдамай, шұңқырға түсіп, нәрестені алып шығады.
Жылаған дауысы арқылы ол нәрестенің қай жерде екенін анықтауға тырысқан. Нәрестенің ағзасына суық тиген екен, дегенмен дәрігерлердің арқасында оның жағдайы тұрақтанды. Айта кетейік, полицейлер қыз баланың анасын іздестіріп жатыр.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу