Ақтөбелік студент ІІ Елезаветаның туған күніне шақыру билетін ұтып алды (ФОТО)

Ақтөбелік студент ІІ Елезаветаның туған күніне шақыру билетін ұтып алды (ФОТО)

Ұлыбританияда білім алып жүрген ақтөбелік студент Айгерім Исмағұлова Британия патшайымы ІІ Елезаветаның 90 жасына арналған салтанатты шараға қатысады. 21 жастағы студент ұтысқа қатысып, шақыру билеттерінің біріне ие болды. Мерейтой қонақтары ақсүйектерше киініп баруы қажет. Қазір ол қалпақ таңдаумен әлек болып жүр, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

Ақтөбелік Айгерім Исмағұлова Ұлыбританияның Гринвич университетінде қаржы және банк ісі мамандығы бойынша білім алып жүр. 2-курс студенті өз құрбы-құрдастарымен бірге құны 5 фунт болатын ұтыс билетін сатып алып, жеңімпаз атанды.

«Бұл бағасы 2500 теңге болатын ұтыс билеті бізге сәттілік әкелді. Қызым Айгерім енді Ұлыбритания патпайымы ІІ Елезаветаның 90 жасына арналған мерейтойға қатысады. Сәтін салса, 8 маусым күні туған күн тойлау кеші басталады. Алдын ала белгілі болғаны, ол жаққа әлемнің танымал әншілері, әртістері мен спортшылары жиналуы тиіс. Ал шақырылған қонақтар арнайы сәнге сай, ақсүйектерше киінуі қажет екен. Қызым кеше ғана хабарласып, қалпақ таңдау қиын екенін айтты»,- дейді Айгерімнің анасы Неля Исмағұлова.

Айта кетейік, 90 жасқа арналған мерейтой 8-10 маусым күндері аралығында өтеді. Шақырылған қонақтарға мерекелік дастарқан жайылып, бал ұйымдастырылады.
Тарихқа сүйенсек, Ұлыбритания патшайымы ІІ Елезавета екі рет туған күнін тойлайды екен. Алғашқысы 21 сәуірде өтеді. Ал екіншісі маусым айында ұйымдастырылады. Патшайым ІІ Елезавета өз әкесі VІ Георгтің өлімінен кейін, яғни, 1952 жылдан бері тақта отыр. Ол таққа келгенде небәрі 25 жаста болған.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста