Араб тілін оқыту мәселесі талқыланды

Араб тілін оқыту мәселесі талқыланды

Ислам дінін терең зерттеп, араб тілін оқыту бүгінгі күннің өзекті мәселесі ретінде қалып отыр. Осы жайлы кеше Алматыда  ұйымдастырылған «Исламтану және араб филологиясы мәселелері» атты 7-ші халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференция  барысында айтылды.

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде қолға алынған басқосуға еліміздің жоғары оқу орындарының ғалымдарымен қоса, Мысырдың танымал оқу ордаларының басшылары мен ұстаздары қатысты. Онда сөз сөйлеген Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры Махмұд Фахми Хижазидің айтуынша, қасиетті дін-исламның құндылықтары мен пайдасын танып-білуге арналған осындай жиынның дәл қазіргі жағдайда маңызы үлкен. Біріншіден, бұл дініміздің кең қанат жаюына ықпал етсе, екіншіден екі елдің мәдениетін, тарихын жақындастыра түседі. «Бүгінгі конференцияға Мысырдың оқу ордаларының өкілдері, Қазақстанның ғалымдары қатысып баяндама жасады. Конференция соңында олардың баяндамаларын жинап, жылдағыдай арнайы топтама шығарамыз», – дейді университет ректоры. Жиында сондай-ақ қазіргі кезде араб тілін оқытудың өзекті мәселелері сөз етілді. «Ислам тарихын оқу және оқыту пәндерін дайындау» атты баяндама жасаған Мысырдың әл-Мансура университетінің профессоры Рушди Тоғиманың сөзіне қарағанда, бүгінде араб тілін қашықтықтан оқытудың әдіс-тәсілдерін дамытып, араб тілінің басқа тілдер секілді халықаралық маңызын арттыруымыз керек. Бұл тіл тек діннің емес, мәдениеттің, өркениеттің тілі болып одан әрі өркендеуі қажет.

Нұр-Мүбарак университеті араб тілінен сапалы маман дайындайтын еліміздің бірден-бір жоғары оқу орны болып саналады. Оқу ошағының басшылары осындай жиын алдағы уақытта да кең ауқымда өтетінін айтты.

Шамшәдин КЕРІМ, Нұр-Мүбарак университетінің проректоры:
– Бүгінгі күні алдымызда Ислам дінін қалай үйрету керек деген мәселе тұр. Бұл сұрақ әлі толық шешілген жоқ. Біз діннің маңызын мектептен бастап дұрыс оқытуымыз керек. Сонда ғана дініміз шынайы, таза қалпын сақтайды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста