Арал теңізінің деңгейі көтерілді
Арал теңізінің деңгейі жарты метрге көтерілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Қызылорда облысының әкімдігіне сілтеме жасап.
Қазіргі таңда теңіздегі су деңгейі 48 сантиметрге дейін көтерілді. Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Зейнулла Қазтоғановтың айтуынша, бұған дейін Солтүстік Арал теңізіне жиналған су көлемі 27,0 млрд текше метрден 18,5 млрд текше метрге азайып, су деңгейі 40,42 мБЖ (метр Балтық жүйесімен) дейін төмендеген болатын.
"2022 жылдың қазан айынан бастап теңіздегі су деңгейі 40,90 мБЖ, немесе 48 см дейін көтеріліп, жиналған су көлемі 19,7 млрд текше метрге ұлғайды", - дейді Қазтоғанов.
Былтыр Арал теңізіне 816 млн м3 су түссе, биыл екі айдың өзінде 803 млн м3 түсті.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу