Астанада әскери шеру өтеді

Астанада әскери шеру өтеді

Алты Алаш ұрпағы үшін тағы бір жағымды жаңалық. Биылдан бастап мемлекеттік мерекелеріміздің бірі – Конституция күнінде елордамыз Астанада дәстүрлі түрде әскери шеру өтіп тұратын болды. Мұндай қуанышты хабарды кеше шеруге дайындық барысымен танысуға аттанардан бұрын баспасөз мәслихатын өткізген қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Нұрлан Жоламанов жария етті.

«ҚР Президенті, Қарулы Күштеріміздің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша биыл Астанада Конституция күніне арналған әскери шеру өтеді. Бұл шара «Қазақ елі» монументінің алдында болады. Жылда өтетін дәстүрлі шараға айналады. Астанада Конституция күні өтетін әскери шеруге майдандық, армиялық авиация және де Ресейден сатып алынған жаңа тікұшақтар мен 2300 адам қатысады. Бүгінде оған қызу дайындық жұмыстары басталып кетті», – деп атап өтті қорғаныс министрінің орынбасары Н.Жоламанов.
Қорғаныс министрі орынбасарының айтуынша, шеру тек қана қазақ тілінде, яғни бастан-аяқ мемлекеттік тілде өтетін болады.
Әскери шеруге жауынгерлік 120 түрлі қару-жарақ техникасы мен 40-тан астам авиация техникасы тартылады. Дайындық өткізу үшін Астана маңындағы жоғарыда атап өткеніміздей, 77 шатырлы лагерьде әскер түрлері мен өңірлік қолбасылықтардан 1200-ден астам офицерлер мен келісімшарт негізінде жүрген әскерилер келген. Қызу дайындық үстіндегі әскерилердің айтуынша, ол жерде күллі әлемді әбігерге салған қатерлі тұмаудың қаупі жоқ. «Бұл жерде тұмау деген болмайды. Дайындыққа денсаулығы мықты, құрыштай шыныққан азаматтар ғана жиналған», – деп жатты олар.
Қысқасы, жылына бір рет өткізілетін айтулы шараға дайындық жоғары деңгейде өтіп жатқаны байқалды. Қорғаныс министрлігіне 30 тамызда өтетін әскери шеруді өткізу үшін бюджеттен қаражат бөлініпті. Генерал шеруге қатысушыларға арнайы форма тігіліп жатқанын мәлім етті.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста