Астанада жолаушылардың бірі автобустың ішінде іш киім жайған

Астанада жолаушылардың бірі автобустың ішінде іш киім жайған

Елордалық жолаушылар автобустың ішіне жіп тартып, іш киімдер жайған. Бұл оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желілерде таралды. CTS компаниясы аталған жайттың қай бағыттағы көлікте және қалай болғанын мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қызметтік тексеру барысында CTS Көлік бақылау департаментінің жұмыскерлері бұл әрекеттің №21 бағдарда болғанын анықтады. Мән-жайды нақтылау үшін автобус салонындағы камералардан бейнематериалдар алынды. Бейнежазбаны қарау кезінде белгілі болғаны, сағат 20:29-да "Астана саябағы" аялдамасынан отырған жолаушылар автобус салонында асығыс түрде жіп тартып, киімдерді іле бастаған. Келесі "Аiland" отбасылық демалыс орталығы аялдамасына жеткенде ілінген жіп пен заттарын жинап алып, автобустан шығып кеткен. Олардың бірі және кейбір жолаушылар салонда болып жатқан жайттың барлығын ұялы телефондарына түсірген", - делінген компанияның ресми Іnstagram парақшасында жарияланған мәліметте.

Компания дерегінше, тиісті шара қолдану үшін бейнематериал Астана қаласының полиция департаментіне жолданған.

Еске салай кетейік, 20 ақпан күні желіде автобус салонында жіп тартып, киім ілген видео жарияланған болатын. Бұл бейнематериалды көпшілік қызу талқылады.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста