Астанада жылумен қамтылған аялдамалар пайда болды
Қыс қанша қаһарлы болса да автобус күткен астаналықтар тоңбайтын болды. Өйткені мұнда жылумен қамтылған аялдамалар қолданысқа беріле бастады.
Заманауи үлгідегі аялдама әзірге біреу ғана. Жылу жүйесі жүргізілген кең бөлмеде 30-40 адам бір мезетте автобус күтсе болады. Олар үшін тегін wi-fi және осы жерден өтетін автобустардың бағыт-бағдары көрсетілген экран бар. Қоғамдық көлік күткен Елорда жұрты қазірдің өзінде аялдамаға кіріп жылы жерде автобус күтіп отыр. Жыл соңына дейін адам көп шоғырланатын 55 орынға осындай аялдама салу жоспарланған.
Күлкен Түсіпжанова, Астана қаласының тұрғыны:
-Едәуір тосамыз автобусты. Сондықтан жылы жер халыққа тоңып, қақаған сары аязда, желде ық жер. Өте ыңғайлы орындығы бар.
ktk.kz
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу